08 сәуір 2022 14:33

Президент Тоқаев Шәмшә Беркімбаеваның отбасына көңіл айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: facebook/Askhat Aimagambetov Фото: facebook/Askhat Aimagambetov

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері, білім беру ісінің құрметті қызметкері Шәмшә Көпбайқызы Беркімбаеваның дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шәмшә Көпбайқызы еңбек жолын қатардағы ұстаздықтан бастап, өзінің іскерлігі мен қабілетінің арқасында мемлекеттік қызметтің сан түрлі саласында абыроймен еңбек етті. Министр кезінде білім мен ғылым көшін алға жылжытып, бәсекеге қабілетті қоғам қалыптастыруда мол үлес қосты. Депутат болған тұста отандық заңнаманы жетілдіруге атсалысты. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының ректорлық қызметін атқарған жылдары талай шәкірт тәрбиелеп, дарынды мамандарға бағдар көрсете білді", - деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.

Президент кең пейілімен айнала-төңірегінің шынайы құрметіне бөленген Шәмшә Көпбайқызының жарқын бейнесі ұмытылмайтынын атап өткен.

Бұған дейін бұрынғы білім және ғылым министрі Шәмшә Беркімбаева қайтыс болғаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.55   490.7   4.98 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети