31 тамыз 2022 13:39

Президенттің барлық бастамасы дәйекті түрде жүзеге асып жатыр - Қарин

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:akorda.kz Фото:akorda.kz

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президенттің 2021 жылғы Жолдауын жүзеге асырудың аралық қорытындысын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президенттің 2021 жылғы Жолдауын жүзеге асырудың аралық қорытындысын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ерлан Қариннің айтуынша, ертең, 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы еліміздің таяу болашаққа арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын белгілейтін кезекті Жолдауын жариялайды.

"Сарапшылар оның ықтимал мазмұнын талқылап, болжамдарымен бөлісіп жатқанда, 2021 жылғы "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" Жолдауын іске асырудың аралық қорытындыларын шығарайық.

Барлық практикалық жұмыс арнайы Ұлт жоспары аясында жүргізіліп жатыр. Ол 103 пункттен тұрады, олардың басым бөлігі орындалды, қалғандарының орындалуы Президент Әкімшілігінің бақылауында", - деді мемлекеттік кеңесші.

Маңызды әлеуметтік бастамалар ішінде Қарин 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының (мәдениет ұйымдарының, мұрағаттардың, оның ішінде техникалық қызметкерлердің және басқалардың) жалақысын орташа есеппен 20 пайызға кезең-кезеңімен арттыруды атап өтті.

"Сонымен қатар, заңнамаға ең төменгі жалақыны 60 мың теңгеге дейін көтеру және оны салықтық, әлеуметтік және басқа салалардағы есептік көрсеткіш ретінде алып тастау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 2025 жылдың аяғына дейін кемінде 1000 мектеп салудың жол картасы бекітілді. Тұрғын үй мәселесін шешу үшін "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша "Отбасы банк" арқылы жалпы сомасы 230 миллиард теңгеге жуық 20 мыңнан аса жеңілдетілген несие берілді", - деп толықтырды ол.

Мемлекеттік кеңесші елімізде ұлт денсаулығын жақсарту бағытында нақты қадамдар жасалып жатқанына тоқталды. Атап айтқанда, "Биологиялық қауіпсіздік туралы" заң күшіне еніп, тұрғындарға ДДСҰ-да тіркелген коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың қолжетімділігі қамтамасыз етілді.

"Саяси жаңғырту және адам құқықтарын қорғау блогы толығымен дерлік жүзеге асырылды. Адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайту және заңның үстемдігін қамтамасыз ету үшін прокурорлардың ерекше қылмыстық істер бойынша айыптау қорытындысын дайындау бөлігінде құзыреті кеңейтілді. Уәкілетті органдар алаяқтықпен және пирамида схемаларымен күресу бойынша 2022 жылға арналған бірлескен іс-шаралар кешенін жүзеге асырып жатыр.

Заң шығару жұмыстарының шеңберінде білім беру саласында, стресстік активтер нарығын дамыту туралы және т.б. заңдар қабылданды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспары, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы бекітілді", - деді Ерлан Қарин.

Бұл, мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, Президенттің 2021 жылғы Жолдауы аясында жариялаған жүзеге асырылған елеулі бастамаларының аз ғана бөлігі.

"Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Жалпы, Мемлекет басшысы алға қойған барлық бастама дәйекті түрде жүзеге асып жатқанын және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және еліміздің тұрақты дамуына тікелей әсер ететінін атап өткен жөн. Осылайша, жүзеге асырылған бастамалар алдағы реформаларға негіз болады", - деп түйіндеді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети