Президенттің кітап шығаруды қолдау шаралары туралы Қошанов айтып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Мәжілістің баспаөз қызметі Фото: Мәжілістің баспаөз қызметі

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлттық кітап күні аясында өткен "Ұлттық кітап" байқауы жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсіміне қатысты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлттық кітап күні аясында өткен "Ұлттық кітап" байқауы жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсіміне қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтай отырысында білімге құштарлықты, оқуға деген сүйіспеншілікті білдіретін мерекені белгілеуді тапсырған болатын. Осыған орай "Ұлттық кітап" ұлттық байқауы ұйымдастырылып, онда отандық жазушылар, кітап шығарушылар, иллюстраторлар мен аудармашылар жеңімпаз атанды.

"Сан ғасырлар өтсе де, кітаптың адамзат үшін маңызы өзгерген жоқ. Бүгінде кітап – зияткер ұлт пен саналы қоғам қалыптастырудың негізгі құралына айналды. Қазіргі таңда қолданып жүрген барлық технология, медицина, өнер бәрі де кітап оқу арқылы дамыған. Сондықтан Мемлекет басшысы айтқандай, кітап ұлттың рухани құндылығына айналуы тиіс. Ұлттық кітап күнін атап өтудің басты мақсаты – осы", – деді Мәжіліс спикері.

Ерлан Қошанов өз сөзінде отандық кітап шығару саласындағы өзекті мәселелерге де тоқталды. Атап айтқанда, сыртқы нарыққа тәуелділік, қазақ тіліндегі әдебиеттің үлесі аз болуы және басқа да түйткілді жайттарға назар аударды.

"Президент Ұлттық құрылтайда идеология саласындағы басты бағыттардың бірі – кітап шығару екенін баса айтты. Қазіргі таңда мемлекет бұл бағытқа ерекше көңіл бөліп отыр. Мысалы, Парламентте қызу талқыланып жатқан жаңа Салық кодексі жобасында депутаттар отандық кітап баспаларын қосылған құн салығынан босату жөнінде ұсыныс енгізді. Бұл мәселеде Үкіметпен ортақ шешімге келеміз деп үміттенеміз", – деді Мәжіліс төрағасы.

Мемлекет басшысының қолдауымен елімізде кітапханалар жүйесі жаңғыртылып жатқаны, кітапханашылардың жалақысы көтеріліп, цифрлық кітапханалар дамып жатқаны айтылды. Бұл өз нәтижесін беруде. Бүгінде республикада шамамен 4 мың кітапхана жұмыс істейді, олардың тұрақты пайдаланушылары 5 миллионнан аса адам, оның бестен бірі – балалар.

"AMANAT" партиясының жетекшісі ретінде Ерлан Қошанов "KITAP – AMANAT" партиялық жобасының маңыздылығына да тоқталды. Бұл жоба отандық кітаптарды кеңінен насихаттауды көздейді. Қазіргі таңда бұл жоба аясында еліміздің барлық өңіріндегі партия филиалдары жанынан 24 орталық ашылған. Онда кітап көрмелері, авторлармен кездесулер және өзге де іс-шаралар ұйымдастырылады.

Мәжілістің баспасөз қызметі/Суреттер: Т. Таныбаев.

Салтанатты рәсім соңында Мәжіліс спикері ұлттық байқаудың бас жүлдесі – "Жыл кітабы" гран-приін табыстады. "Ұлттық кітап" ұлттық байқауында "Қазақстанның тарихи тұлғалары" сериясы үшін "Алматы кітап" баспасының президенті Гаухар Саймасаева марапатқа ие болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.39  course up  571.67  course up  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer