24 қараша 2022 09:36

Проблемалық несиелерді өтеуге бюджет қаражаты бөлінбеді - Қаржы министрлігі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мемлекет қазақстандықтардың проблемалық несиелерін өтеуге ақша бөлген жоқ. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қаржы министрлігі хабарлады.


Мемлекет қазақстандықтардың проблемалық несиелерін өтеуге ақша бөлген жоқ. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қаржы министрлігі хабарлады.

"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі сіздің өтінішіңізді қарап, 2022 жылдың қарашасында проблемалық несиелерді өтеуге бюджеттен қаражат бөлінбегенін хабарлайды", - делінген вице-министр Дәурен Темірбеков қол қойған Қаржы министрлігі берген жауапта.

Бұған дейін микроқаржы ұйымдары 28 мың қазақстандықтың қарызын кешіретіні хабарланған болатын. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.

ҚНРДА мәліметтері бойынша, 2022 жылдың аяғына дейін МҚҰ-да 432 мың қарыз алушыға 33,1 миллиард теңге сомасына проблемалық берешекті қайта құрылымдау, 107 мың қарыз алушыға 0,8 миллиард теңге сомасына проблемалық берешекті ішінара кешіру және 28 мың қарыз алушыға 0,6 миллиард теңге сомасына толық кешіру жоспарланған.

ҚНРДА мәліметтері бойынша, 1 қыркүйекке қазақстандық микроқаржы ұйымдары берген кепілсіз тұтынушылық кредиттердің көлемі 416 миллиард теңге болған. Қарыз алушылар саны 1,3 миллионнан асты.

Қаңтар-тамызда 90 күннен аса мерзімге кешіктірілген кепілсіз тұтынушылық микрокредиттердің үлесі 18,8 пайызға - 71,3 миллиард теңгеге дейін өсті. Проблемалық қарыз алушылардың саны - 434,2 мың адам.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети