15 сәуір 2021 18:14

Прокуратура жедел жәрдем қызметін тексеріп жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен прокуратура жедел жәрдем қызметіне қатысты прокуратура тексеру жүргізіп жатқандығы туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен прокуратура жедел жәрдем қызметіне қатысты прокуратура тексеру жүргізіп жатқандығы туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы прокуратурасы "Жедел медициналық көмек көрсету" қызметіне тексеру тағайындаған жоқ және жүргізген жоқ. Алматы қаласының құқық қорғау органдары Жедел жәрдем станциясы қызметіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізбейді", - деді Алматы прокуратурасының қызметкерлері.

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы тексеруді құзырлы органдар жүргізіп жатқанын айтты. Алайда қайсы орган екені айтылмайды.

Айта кетейік, Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Светлана Сұлтанғазиева онлайн-брифингте прокуратура жедел жәрдем жұмысындағы заңбұзушылықтарға байланысты істі тергеп жатқанын айтқан еді.

Кейін Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері жедел медициналық жәрдем қызметінде әкімшілік өтініші бойынша құқық қорғау органдары тексеру тағайындағанын хабарлады.

"Жоспардан тыс түгендеу барысында қосалқы станцияларда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың жетіспеушілігі және нормадан көп екені анықталды. Мысалы, маска, қорғаныс экран, резеңке етік және басқасы. Мән-жайды объективті тексеру үшін Жедел жәрдем станциясы әкімшілігі ақпаратты тиісті органдарға жіберді. Тексеру және тергеу нәтижелері бойынша шаралар қабылданады", - делінген ведомство хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети