Прокурор Мешімбаеваға 8 жыл жаза беруді сұрады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Анар Мешімбаева. ©Марат Әбілов Анар Мешімбаева. ©Марат Әбілов

Прокурор ҚР Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаеваға 8 жыл жаза сұрап отыр деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. "Соттан Мешімбаеваны 176-бап бойынша айыпты деп тануды және оған бес жыл мерзімге дейін лауазымды қызметті атқару құқығынан айырумен және мүлкін тәркілеумен бірге 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын. 307-бап бойынша бес жылға бас бостандығынан айыру және бес жылға лауазымды қызмет атқару құқығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын. Кесімді жаза ретінде мүлкін тәркілеумен және белгіленген қызметпен айналысу құқығынан бес жылға айырумен бірге 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын", - деді прокурор Дәурен Әшімов. Мемлекеттік айыптаушы Мешімбаеваға қатаң режимдегі түзеу колониясында жаза өтеуді белгілеуді де сұрады. Айта кетейік, соңғы сот отырысында жәбірленуші тарап - Статистика жөніндегі агенттік материалдық шығын мөлшерін атаған еді. Ол - 558 млн 249 мың 409 теңге. Жәбірленуші тарап бұл соманы істің барлық фигурантынан өндіруді талап етіп отыр. Соңғы отырыстарда, сондай-ақ, Мешімбаеваның адвокаты сотқа БҰҰ жанындағы Еуропа экономикалық комиссиясының статистика жөніндегі бұрынғы өкілінің Қазақстан Президентіне жазған хатын оқып берген еді. Мешімбаеваның шетелдік әріптесі соттан іс барысында жалған дәлелдерді негізге алмауды сұраған. Мешімбаеваға қатысты процесс екі айға созылып, енді аяқталып келеді. Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы "Жымқыру" және "Қызметтік уәкілеттігін теріс пайдалану" баптары бойынша айыпталып отыр. Дегенмен Мешімбаеваның өзі бұл айыптауларды мойындамайды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro