Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 311.59
EUR / KZT - 349.39
CNY / KZT - 45.41
RUB / KZT - 5.50

Прокурор Өтембаевқа 15 жыл жаза сұрап отыр

31 Қаңтар 2014, 12:08
0
Ғалымжан Тілеубаев. ©Тengrinews.kz
Ғалымжан Тілеубаев. ©Тengrinews.kz
Қарасай ауданының соты. 
©Тengrinews.kz
Қарасай ауданының соты. ©Тengrinews.kz
Мемлекеттік айыптаушы Ғалымжан Тілеубаев Ержан Өтембаевқа қатысты істі "Жалдау арқылы топ болып қасақана кісі өлтіруге жәрдем беру" бабы бойынша қайта бағалауды және оған 15 жылға бас бостандығынан айыру мен мүлкін тәркілеу жазасын беруді ұсынады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот залынан хабарлайды.

Бүгін - 31 қаңтарда сот қарсы тараптарды қатар тыңдауға кірісті. Тыңдаудың басында жәбірленуші тарап өтініш білдіруге ниет еткен еді, бірақ судья оны тараптарды тыңдау кезінде жасауға болатынын ескеріп, қабылдамай тастады.

"Қылмыс кезінде үш бірдей өмірдің қиылғанын атап өткім келеді. Олардың туыстарының сотқа қатысуға мүмкіндіктері болмай жатыр. Мемлекеттік айыптау Әлнұр Мұсаев пен Рахат Әлиевтің қылмыстағы ролі мұқият тексерілуі керек деп есептейді," - деді Ғалымжан Тілеубаев.

Прокурор Ибрагимовке 60 мың долларды басқа емес, Өтембаевтың өзі әкеліп бергенін айтты. "Біз әлі де болса бұл қылмысты жасауға Өтембаев кінәлі деп есептейміз. Қазір Ибрагимов пен Өтембаев бәрін жеңіл дене жарақатын келтіру ниетіне, соның ішінде, "Сәрсенбаевтың тұмсығын бұзу" ниетіне қарай аударып жібермекші. Құрметті сот, Өтембаевқа мүлкін тәркілеумен бірге 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын", - деді ол.

Еске салайық, ҚР Бас прокуратура өткен желтоқсан айында Сәрсенбаевты өлтірген Рустам Ибрагимовтың жаңа айғақ бергенін мәлімдеген еді. Атап айтқанда, киллер өзіне тапсырысты Өтембаев емес, Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаев бергенін айтқан. Пайда болған мәліметтерге байланысты Өтембаевқа қатысты істі қайта қарау басталды. Сот процесі жалғасып жатыр. Бұған дейін процесте жәбірленуші тарап куәгер ретінде сол кездегі жоғары лауазымды шенеуніктерді шақыруды талап етті. Ал оның алдында киллер Ибрагимовтан жауап алынып, ол Сәрсенбаевты қалай өлтіргенін айтып берген еді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай