Провайдерлер Қазақстан автобустарында Wi-Fi-дың жұмыс істемеу себебін айтты

22 Шілде 2015, 18:02
0
Провайдерлер Қазақстан автобустарында Wi-Fi-дың жұмыс істемеу себебін айтты - © Роза Есенқұлова
© Роза Есенқұлова

"Картел" ЖШС Қазақстан автобустарындағы Интернеттің дұрыс жұмыс істемеу себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматыдағы кейбір автобустардың жүргізушілері модемдер мен роутерлерді ұрлайтын болып шықты. Ал Көкшетау тұрғындары шағымданған автобустардағы Wi-Fi құрылғының істен шығуынан жұмыс істемеген.

"Көкшетау автобустарына біз Интернетті бір жыл бұрын орнаттық. Құрылғы 10 автобусқа қойылды. Tengrinews.kz сайты арқылы проблеманы біліп, автопаркпен байланыстық. Көкшетау автобуcтарындағы Интернет жағдайы туралы ақпарат кеше ғана келді. Жеті автобустағы құрылғыны ауыстырдық, тағы үшеуіне қайта орнатылады, - деді "Картел" ЖШС қоғаммен байланыс бөлімінің директоры Алексей Бендзь. - Бұл бірнеше күнде шешіледі. Сонымен қатар, Алматыда да мұндай мәселе бары анықталды. Модемдер мен роутерлер ұрланған. Автопарк құрылғыларды қайта орнататын болды. Бір ай бұрын Астана автобустарында да Wi-Fi пайда болды. Бір аптаның ішінде 6,5 гигабайт трафик қолданылды", - деді ол.

Еске сала кетейік,  "Көкшетау автобустар паркі" ЖШС Көкшетау тұрғындары автобус паркінің әкімшілігіне автобустардағы Wi-Fi қызметінің жұмыс істемейтіні туралы көп шағым айта бастағанын хабарлаған болатын. Еске сала кетейік, Wi-Fi bus жобасы 2013 жылы іске асырыла бастады. Одан бері Қазақстанның қалаларындағы 200 автобусқа Wi-Fi орнатылды. Олардың ішінде Қостанай, Көкшетау, Қарағанды, Қызылорда, Петропавл, Түркістан, Орал, Алматы және Астана бар.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай