30 қазан 2020 19:20

Психолог балалардағы өтпелі кезеңде қандай процестер болатынын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ата-ана баласының өтпелі кезеңінде неге дайын болуы керек? I-BALAQAI жобасында Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты мен Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының психотерапевті Рашид Азизов көңіл күйдің жиі ауысуы мен оның салдарын азайтудың жолдарын түсіндірді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасын дайындады.  


Ата-ана баласының өтпелі кезеңінде неге дайын болуы керек? I-BALAQAI жобасында Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты мен Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының психотерапевті Рашид Азизов көңіл күйдің жиі ауысуы мен оның салдарын азайтудың жолдарын түсіндірді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасын дайындады.  

Жобаның ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі мен Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. 

Рашид Азизовтың айтуынша, өтпелі кезең - баланың есею кезеңі. Бүгінде өтпелі кезеңнің жас тенденциясы өзгерген. Бұған дейін өтпелі кезең 12-17 жас аралығы болса, бүгінде жасөспірімдер деп 10-19 жас аралығындағы балаларды да айтады:

"Біз байқайтын сәттер мен 8-9 жасынан бастап жеке ерекшеліктері болады. Қызық феномен. Балалар ерте есейе бастайды, бірақ ол процесс ұзағырақ болады", - дейді маман. 

Психотерапевттің сөзінше, оған әлеуметтік экономикалық процесс пен урбанизация әсер етеді, яғни балалар ерте есейе бастайды. Пайда болған қызығушылық гормоналды жүйенің бейімделе бастауының алғышарттарын жасайды. 

"Сәйкесінше, керісінше де болады. Бір кездері мектеп 10 сынып, сосын 11, ен 12 сынып. Сосын білім алу кезеңі жоғары оқу орнында жалғасады. Осылайша есейіп келе жатқан жасөспірімдер жауапкершілік талап етілетін әлеуметтану процесіне тап болады. Шекара кеңейе түседі. Сосын үйленіп, балалы болады", - дейді спикер. 

Жасөспірімнің организмінде қандай өзгерістер болады?

Рашид Азизовтың айтуынша, жасөспірімнің денесіндегі құрылымдық өзгерістер күші пен қарқындылығына қарай жаңа туған нәрестеден кейінгі орында. Бірақ нәрестені бақылап отыруға болады және ол әкесі мен анасына тәуелді. Сондықтан психотерапевт өтпелі кезеңге ең алдымен жағдайды бақылауда ұстап, баласының есеюіне дайын емес ата-ананы дайындау керегін айтады. 

"Ата-аналар баласы ерте ме, кеш пе баласы есейетінін түсінуі керек. Олар осыған дайын болуы керек. Осы процесті қабылдауы керек, себебі ата-аналарда бақылау, баланы бағу тенденциясы қалыптасып қалған. Ата-ана бәрі солардың ойындағыдай болса дұрыс деп есептейді. Ал жасөспірім керісінше онымен келіспейді", - дейді психотерапевт. 

Баланың есейгені туралы фактті қабылдай білу сол процестен жеңіл әрі еш проблемасыз өтуге ықпал етеді. 

Жасөспірім кезеңіндегі даму және өсу процесі орталық жүйке жүйесінде пайда болады. Оған жалпы гормондық жүйе мен белсенді гормондық жүйе қосылады. Үшеуі бірігіп бас миына әсер етеді. Балада ең бірінші дамитыны лимбикалық жүйе, ол эмоциямен байланысты. 

Екінші жағынан бас миының құрылымы жетіле бастайды. Бұл құрылым жағдайды, мінез-құлықтың ықтимал салдарын, сондай-ақ дұрыс әлеуметтік өзара әрекеттесуді бағалау тұрғысынан мінез-құлықты реттейді.

Рашид Азизов олар үйлесімсіз дамитынын айтады, яғни эмоция белсенді түрде өсіп, салдарды реттеу, бақылау және бағалау жүйесі артта қалып қояды. 

Гормондық механизмге әлеуметтік процестер де өосылып, бала өзін ересек сезінгісі келе бастайды, нәтижесінде жанжал туады. 

Психотерапевттің ұсыныстары

Жасөспірім кез келген процесті өз бетінше бақылай алатынын түсіну керек. Ата-аналар өзара әрекеттесудің конструктив процесін құрып: "Біз сен өзіңді қоршаған ортаға тән емес қылық танытып жүргендейсің. Біздің көңіліміз толмай жүр. Сондықтан өзіңді бақылауда ұстап, өз-өзіңді қолға алсаң" деп түсіндіре алады. 

Маман бұл механизмнің мәні эмоцияға беріліп кеткен жасөспірімнің мінезі сырт көзге қалай көрінетінін түсіндіруде екенін айтады.  

"Қатты ашуланып кеткен кезде жағдайға объектив түрде қарамай кетеміз. Өзімізге сырт көзбен қарамаймыз, сондықтан мінезімізді бақыламаймыз. Ол бізге қалыпты жағдай секілді көрінеді. Сырттай қарап тұрған адамның міндеті - жасөспірімге оның қандай екенін түсіндіріп, айнаға қарап тұрғандай жағдайға бақылау жасауға мүмкіндік беру. Адам өзіне сырттай қараған кезде белгілі бір бөлік іске қосылып, бала процесті бақылауға ала бастайды", - дейді маман.    

Өтпелі кезең зиян әдет пайда болған кезбен де байланысты. Бұл жағдайда ересектер сабыр сақтап, жағдайға баға беріп, оның мақсатын түсінуі керек. 

"Жасөспірім мақсатын түсіндіріп, оны бұл әдетке не итермелегенін түсінеді. Бұл жасөспірімге жағдайға объектив түрде қарауға мүмкіндік береді. Ол қысым сезбегенде, жазаланбайтынын түсінгенде таңдау еркіндігі туады", - дейді психотерапевт. 

Видеосұхбатты I-BALAQAI YouTube-каналынан көруге болады. 

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Zhuldyz FM, Tengri FM және VOSTOK FM радиостанцияларынан тыңдай алады. 

Сондай-ақ подкаст түріндегі материалды SoundCloud, Anchor.FM, Яндекс.Музыка және "ВКонтакте" желісінде тыңдай аласыздар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети