31 желтоқсан 2020 12:30

ПТР-тестсіз келген 11 қазақстандықтан коронавирус анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ПТР-тестсіз келген 11 қазақстандықтан коронавирус анықталды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, коронавирус анықталған жолаушылар Қазақстанға 29 желтоқсанда ұшып келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ПТР-тест нәтижесі бойынша, 29 желтоқсанда Шарм-Эль-Шейх - Қостанай бағыты бойынша елге келген 212 қазақстандықтың 11-інен коронавирус инфекциясы анықталды", - делінген хабарламада. 

30 желтоқсанда Қазақстанға Нидерланд, Ұлыбритания, Мысыр, Түркия, БАӘ, Беларусь және Өзбекстаннан тоғыз халықаралың әуерейсі келген. Шетелден ұшып келген 1258 жолаушының ішінде 1044 адамның тест нәтижесі теріс, 214 қазақстандық анықтамасыз келген. 

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары ПТР-тест тапсырды, бүгінде олар карантин стационарында жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети