21 қараша 2022 14:44

Путин Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізді Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймын", - делінген Кремль сайтында жарияланған жеделхатта.

Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы "достықтың, тату көршіліктің және өзара сыйластықтың игі дәстүрлеріне негізделген стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастары өте табысты дамып келе жатқанын" қосты.

"Біз оларды жақсарту үшін бірлесе жұмыс істей береміз. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізге шын жүректен толағай табыс, зор денсаулық және бақ-береке тілеймін", - деді Ресей президенті Тоқаевқа.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети