Путинге Рахымжан Қошқарбаевқа "Ресей батыры" атағын беру туралы ұсыныс күзде түседі

17 Мамыр 2016, 13:26
0
Путинге Рахымжан Қошқарбаевқа "Ресей батыры" атағын беру туралы ұсыныс күзде түседі -

Ұлы Отан соғысының ардагері Рахымжан Қошқарбаевты марапаттау туралы ұсыныс Ресей президенті Владимир Путинге күзде түсіріледі. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Естелік шамы" мемориалдық қоғамдық орталығының атқарушы директоры Павел Иларионов хабарлады. Еске салайық, 1945 жылы Рахымжан Қошқарбаев Григорий Булатовпен бірге Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен еді.

"Бұл мәселе Ресей федерациясында бірнеше рет көтерілген. Сөзсіз, Ресей мемлекеті Рахымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовты "Ресей батыры" атағын беру туралы шешім қабылдауы керек. Қазір біз оның негізін дайындап жатырмыз, оны Әскери-тарихи қоғамдастық пен Владимир Путинге ұсынамыз. Қазіргі уақытта мамандар мен қоғамдастықтың пікірін жинап жатырмыз. Меніңше, сәйкес баяндаманы күзде ұсынамыз", - деді Павел Илларионов. 

Еске салайық, осыған дейін аты аңызға айналған Рахымжан Қошқарбаевтың немересі Дәурен Қошқарбаев атасына Ресей батыры атағын беру ұсынылып жатқанын хабарлаған болатын. Немересінің айтуы бойынша, бұл тарихтағы әділеттілікті қайта қалыптастыру үшін жасалып отыр. "Бізде ҰБТ сұрақтарының ішінде, ең бірінші туды кім тіккен деген сұрақтың дұрыс жауабы Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов делінген. Ал ресейлік сынақтамаларда мүлде өзгеше жауап - Михаил Егоров пен Мелитон Кантария. Бұл қате ғой. Мәселе шешімін таппай келеді", - деді ол.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай