Қазақстанда Алматы қаласы мен облыс әкімдері тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда Алматы қаласы мен облыс әкімдері тағайындалды Үкімет үйі. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері туралы" жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері туралы" жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабы 4-тармағына сәйкес, Мемлекет басшысының жарлығымен төмендегі азаматтар әкімдікке тағайындалды:

Ахметжан Смағұлұлы Есімов – Алматы қаласының әкімі;

Сергей Витальевич Кулагин – Ақмола облысының әкімі;

Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов – Ақтөбе облысының әкімі;

Амандық Ғаббасұлы Баталов – Алматы облысының әкімі;

Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов – Атырау облысының әкімі;

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев – Батыс Қазақстан облысының әкімі;

Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев – Жамбыл облысының әкімі;

Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков – Қарағанды облысының әкімі;

Нұралы Мұстафаұлы Сәдуақасов – Қостанай облысының әкімі;

Қырымбек Елеуұлы Көшербаев – Қызылорда облысының әкімі;

Алик Серікұлы Айдарбаев – Маңғыстау облысының әкімі;

Асқар Исабекұлы Мырзахметов – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі;

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев – Павлодар облысының әкімі;

Ерік Хамзаұлы Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;

Даниал Кенжетайұлы Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әділбек Жақсыбековтің Астана әкімі болып қайта сайланғаны хабарланған болатын. "Бүгін елордада бесінші шақырылымдағы Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс 51-ші сессиясы өтті. Күн тәртібіне елорда әкімін тағайындау мәселесі шығарылды. Сессия барысында халық қалаулылары Мемлекет басшысының Астана қаласының әкімі қызметіне Әділбек Жақсыбековті тағайындау туралы ұсынысын бірауыздан қолдады", - деп хабарлады елорда әкімдігіндегілер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети