Қазақстанда дағдарыс жоқ - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда дағдарыс жоқ - Назарбаев Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысы. ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан экономикасында дағдарыс жоқ. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Үкіметтің кеңейтілген отырсында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Тағы да айтқым келеді, біздің қазақстандық экономикада айтарлықтай дағдарыс жоқ. Ғаламдық дағдарыс - сыртқы фактор. Бірінші жағымсыз фактор - мұнайдың екі есе арзандауы: маусымда - жүзден жоғары (мұнай баррелінің бағасы - Авт.), қазір - 50-ден төмен. Негізгі экспорттық тауарлар - металл, тыңайтқыштар және тағы да басқалардың бағасы төмендеп жатыр. Екінші маңызды фактор - экономикалық дағдарыс, Ресей рублінің құнсыздануы, Ресейдегі рецессия. Экономикалық әріптестік және даму ұйымы елдерінде 43 миллион жұмыссыз бар, 850 миллионнан астам адам аштықта. Еуроаймақта жұмыссыздық деңгейі - 11,5 пайыз. Жалпы әлемдік жағдай, ал біз сол әлемнің бөлшегіміз және бұл бізге әсер етпей қоймайды. Міне, біз әсерін сезіп отырмыз", - деді Мемлекет басшысы. 

Оның айтуынша, осы себепті "Нұрлы жол" бағдарламасы қабылданды. "Көп іс жағымсыз тенденцияларды жұмсарту үшін жасалды. "Нұрлы жол" бағдарламасы - қиын жағдайдағы өсудің бастауы. Мен осы жылы қиындықтар болатынын айтқанмын. Бүгін кеңес тәртібінде отырыс өткіземіз, ұсыныстары бар әркімге сөз беремін, үкімет бүгін не қабылдауы керектігін айтсын", - деді Назарбаев.

 

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +18
Ақтау +29
Ақтөбе +26
Атырау +30
Б
Балқаш +23
Ж
Жезқазған +23
Қ
Қарағанды +23
К
Көкшетау +26
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +24
П
Павлодар +24
Петропавл +28
С
Семей +30
Т
Талдықорған +30
Тараз +31
Түркістан +29
О
Орал +29
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +26

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер