Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы медианалық және орташа айлық жалақы мөлшері туралы мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
2026 жылдың I тоқсанында Қазақстан бойынша орташа айлық атаулы жалақы 461 486 теңге болды. Былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда орташа жалақы 9,1 пайызға өсті, бірақ инфляцияны ескергенде 2,3 пайызға төмендеді.
Қазақстан өңірлері бойынша орташа жалақы
Өңірлік бөліністе орташа айлық атаулы жалақының ең жоғары өсімі Абай облысында – 14,2 пайыз (405 425 теңге), Павлодар облысында – 12,4 пайыз (448 906 теңге), Жетісу облысында – 12,2 пайыз (346 199 теңге), Алматы облысында – 10,9 пайыз (376 012 теңге) және Алматы қаласында – 10,7 пайыз (574 162 теңге) тіркелді.
Ең жоғары орташа жалақы Маңғыстау облысында - 659 801 теңге, Ұлытау облысында - 655 995 теңге, сондай-ақ Атырау облысында (652 950) байқалды.

Орташа айлық жалақының ең жоғары өсімі ауыл, орман және балық шаруашылығында – 20,3 пайыз, қаржы және сақтандыру қызметінде – 18,1 пайыз, сумен жабдықтауда – 16,5 пайыз, электр энергиясы, газ, бу, ыстық сумен жабдықтауда – 14,7 пайыз, көлік және қоймалауда – 12,9 пайыз және өнеркәсіпте – 11,6 пайыз, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 7 пайыз және білім беру саласында – 4,2 пайыз деңгейінде тіркелген.
Қазақстандағы медианалық жалақы
2026 жылдың I тоқсанындағы жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 331 527 теңге болған.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың IV тоқсанында Қазақстан бойынша орташа жалақы 473 158 теңге, ал медианалық жалақы 339 912 теңге болған еді.