QirSabyn анонимді Telegram-арнасының әкімшілеріне үкім шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

QirSabyn анонимді Telegram-арнасының әкімшілеріне үкім шықты Фото:depositphotos.com

Астанада кезінде танымал болған QirSabyn анонимді Telegram-арнасының әкімшілеріне үкім шықты. Сотталушылар топ болып аса ірі мөлшерде бопсалағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада кезінде танымал болған QirSabyn анонимді Telegram-арнасының әкімшілеріне үкім шықты. Сотталушылар топ болып аса ірі мөлшерде бопсалағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

Р.Ә. және Р.Т. есімді азаматтарға қатысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған аса ірі мөлшердегі бопсалау" бойынша қаралды.

Сот жабық режимде өтті, яғни оған БАҚ өкілдері мен тыңдаушылар қатыстырылмады.

Бап санкциясында мүлкін тәркілеп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

"Сот үкімімен Р.Ә. кінәлі деп танылып, оған мүлкі тәркілене отырып, 6 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Р.Т. да аталған бап бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 6 жыл бас бостандығынан айырылды", – деп хабарлады сот.

Астана соты баспасөз қызметінің мәліметінше, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сот ақпаратына сәйкес, қылмыстық іс апелляциялық инстанцияға түскен. Сондай-ақ сотталушылардың үкімге шағым түсіргені нақтыланды, бірақ сот процесі басталатын күн әзірге белгіленбеген.

Мән-жайы

Еске сала кетейік, 2024 жылғы желтоқсанда QirSabyn анонимді Telegram-арнасы әкімшілерінің қамауға алынған белгілі болған еді. Прокурорлардың ақпаратынша, олар бопсалаумен айналысқан. Тергеушілер техниканы, ірі көлемдегі ақша мен басқа да заттай айғақтарды тәркіледі.

Кейін QirSabyn анонимді Telegram-арнасының ісін ҰҚК тергеп жатқаны белгілі болды.

QirSabyn – Қазақстандағы саясаткерлер, блогерлер мен танымал тұлғалар туралы жеке мәліметтерді жариялап тұрған анонимді Telegram-арна. Оның аудиториясы 110 000-нан астам оқырманға жеткен. Қазір арна жабық.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

TengriNews | Қазақстан жаңалықтары (@tengrinewskz) жарияланымы

2025 жылғы сәуірде Үкіметте өткен брифингте мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мұндай ресурстардың қызметі туралы пікір білдірді. Ол бүгінде Қазақстандағы анонимді Telegram-арналардың "өтірік, манипуляция мен арандатушылық ошағына" айналғанын және адамдардың көңіл-күйіне әсер ететінін мәлімдеді.

Министрлік басшысы сол кезде ведомство мұндай платформаларды анықтап, бұғаттауға басымдық беретінін айтып, QirSabyn ісін мысалға келтірді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 472.64   551.26   6.61 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +21
Астана +24
Ақтау +20
Ақтөбе +27
Атырау +30
Б
Балқаш +28
Ж
Жезқазған +23
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +28
Қызылорда +22
П
Павлодар +26
Петропавл +17
С
Семей +20
Т
Талдықорған +21
Тараз +26
Түркістан +28
О
Орал +11
Ө
Өскемен +25
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер