18 қаңтар 2024 12:01

Qnet қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың бірі сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Qnet қаржы пирамидасының филиалын ұйымдастырушылардың бірі сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәлемітне сілтеме жасап.


Qnet қаржы пирамидасының филиалын ұйымдастырушылардың бірі сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәлемітне сілтеме жасап.

ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті қаржы (инвестициялық) пирамидасын аса ірі мөлшерде ақша немесе өзге де мүлікті тарта отырып ұйымдастыру және қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру дерегі бойынша істі тергеп-тексерген болатын.

"Г. Жумағазина 2019 жылғы қаңтар мен 2022 жылғы маусым аралығында Ақтөбе және Хромтау қалаларында қызметі бірқатар шет елдерде қаржы пирамидасы деп танылған, заңды желілік маркетинг ретінде жасырылған Qnet халықаралық компаниясының құрылымдық бөлімшесінің тәуелсіз өкілі ретінде тіркеліп, басқарғаны анықталды.

Қаржылық мониторинг органдарына 25 азамат шағымданып, оларға келтірілген шығын 37,5 миллион теңгеге жуық соманы құрап отыр", - делінген хабарламада.

Жумағазина 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Кәмелетке толмаған баласы барын ескере отырып, жазаны өтеу 5 жылға кейінге шегерілген.

"Қылмыстық жолмен алынған құны 286 миллион теңге болатын мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді".

Қаржы пирамидасын құру қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастылатыны ескертілді.

"Егер сіз экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.

Қаражатты инвестициялау кезінде компанияның сенімділігін тексеру қажет. Осы мақсатта «Baiqa, piramida!» телеграм боты жұмыс істейді".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети