03 қазан 2022 13:00

Questra World және AGAM қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы сотталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот Questra World және AGAM қаржылық пирамидасының ұйымдастырушылары мен қатысушыларына үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Сот Questra World және AGAM қаржылық пирамидасының ұйымдастырушылары мен қатысушыларына үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, айыптау корпусында төрт адам болған, олардың бірі Ресей азаматы Ольга Клейнард.

Клейнардқа Қылмыстық кодекстің 264-бабының 1-бөлігі бойынша трансұлттық ұйымдасқан топ құрды және оған жетекшілік етті, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 217-бабының 3-бөлігі бойынша қаржылық (инвестициялық) пирамида құрды деген айып тағылды.

Қалған үшеуі - Қазақстан азаматтары С., П. және Б.-ға Қылмыстық кодекстің 264-бабы 1-бөлігі бойынша трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысты, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі бойынша қаржы пирамидасын құрды деген айып тағылды. 

Прокурорлар 2016 жылдың наурызынан 2017 жылдың маусымына дейін Клейнард және Қазақстан азаматтары С., П., Б.  басқа да тұлғаларды қаржылық пирамидаға қатысуға тартқанын айтты.

Қаржы пирамидасының заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысушылар саны 828-ден асып, 1 миллиард 153 миллион теңге шығын келген. 

Сот тергеуінің нәтижесіндес сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді.

Прокурор Клейнардты 12 жылға, С. мен Б.-ны 10 жылға, П.-ны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. 

Сот сотталушылардың кәмелетке толмаған балаларының бар-жоғын, сотталушылардың жасын және денсаулық жағдайын назарға алды.

Сот үкімімен Клейнард мүлкі тәркіленіп, 11 жылға, С.-ға 8 жылға, П. және Б.- 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот жәбірленушілердің азаматтық талаптарын да қанағаттандырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети