Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Рахат Әлиевтің сүйегі туыстарының сұрауы бойынша Қазақстанға жіберілуі мүмкін

24 Ақпан 2015, 17:36
0
©photo-day.ru
©photo-day.ru

Рахат Әлиев өз отаны - Қазақстанда жерленуі мүмкін, белгілі заңгер Андрей Ли осындай топшылау жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, БҰҰ-ның халықаралық стандарты егер туысқандары сұрау жолдаса, өзге елдің азаматының денесін оның туған жеріне қайтаруға мүмкіндік береді. Әлиев өзге елдің азаматы саналды. Бірақ, Лидің айтуынша, Қазақстан мен Австрияның бұл жөніндегі қарым-қатынастарын реттейтін арнайы құжат жоқ. Дегенмен заңгер Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісінің сүйегін елге әкелуге ешқандай кедергі жоқ деп есептейді. 

"Қазақстан мен Австрия арасында қайтыс болған адамдардың денесін тасымалдау жөнінде қандай да бір келісімдер жоқ. Соған қарамастан, БҰҰ-ның халықаралық стандарты бар, онда егер туыстары өтініш берген елде болса, марқұмның денесін сол елге жөнелтуге әбден болатыны айтылған. Солай болады деп ойлаймын, бұл - менің болжамдарым. Австрияда Рахат Әлиевтің денесі ешкімге керегі жоқ деп ойлаймын. Туыстары оның сүйегін Қазақстанға қайтаруды талап ететін болады деп есептеймін, бұған ешқандай кедергі болмайды деп есептеймін. Саяси тұрғыдан да, меніңше, бәрі ойдағыдай болады", - деді Андрей Ли. 

Заңгердің айтуынша, егер Рахат Әлиев шетелде жерленетін болса, түрлі мәселелер мен күдіктер тууы мүмкін. Себебі марқұмның кез келген туысы оған эксгумация жүргізуге құқылы. Дәл осы себепті Әлиевті өз елінде жерлейді деп есептейді заңгер. 

Ал оған қатысты қылмыстық істің тергелуіне келсек, заңгер оның өзге арнаға бұрылуы мүмкін деп есептемейді. "Материалдардың бәрі қаралған, істің тағы екі фигуранты - Вадим Кошляк пен Әлнұр Мұсаевтардың бұдан "құрғақ шығуы" екіталай. Теория тұрғысынан кінәнің бәрінің Әлиевтің мойнына артылуы ықтимал. Өзі жоқтың - көзі жоқ. Дегенмен, меніңше, тергеушілерде істің басқа фигуранттарына қатысты айғақтар жеткілікті, сәйкесінше, Әлиевтің өліміне байланысты олар кінәсіз болып шығады деп ойламаймын", - дейді Ли. 

Еске салайық, Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиев түрмеде асылып қалған күйде табылған еді. Шетелдік ақпарат құралдарының мәліметінше, ол камерада өзіне-өзі қол жұмсаған. Бірақ оның адвокаты Әлиевтің суицидке барғанына сенбейді. ҚР Сыртқы істер министрлігі Рахат Әлиевтің өліміне қатысты ақпаратты тексеретінін хабарлады. Вена прокуратурасы Тengrinews.kz тілшісіне Әлиевтің өліміне байланысты тергеу басталғанын мәлімдеді. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай