22 тамыз 2015 | 13:27

Рахым Ошақбаев инвестициялар және даму вице-министрі қызметіне тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Strategy2050.kz © Strategy2050.kz

Рахым Ошақбаев инвестициялар және даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР  Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы хабарлады. Әсет Исекешев 2015 жылдың 22 тамызында жаңа вице-министрді ұжымға таныстырды.


Иконка комментария блок соц сети

Рахым Ошақбаев инвестициялар және даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР  Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы хабарлады. Әсет Исекешев 2015 жылдың 22 тамызында жаңа вице-министрді ұжымға таныстырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Рахым Ошақбаевтың вице-министр қызметіне келуі мүмкін екендігі хабарланған болатын. "Атамекен" Одағы" басқармасы төрағасы Абылай Мырзахметов мұны растады. "Ия, мен растаймын. Рахым Ошақбаевпен әңгімелестім. Ол басқарманың белді мүшелерінің бірі. Мен оған ризамын. Рахыммен біз 3,5 жыл бірге жұмыс істедік. Ол бәрін тез меңгеріп алады, үнемі биік белестерге талпынып жүреді. Кәсіпкерлер де мұны мойындайды. Біз басында ҰКП-ның жақсы қызметкерлермен толығып келе жатқанын түсіндік", - деді кәсіпкерлердің ұлттық палатасы төрағасы Абылай Мырзахметов.

Еске сала кетейік, 10 шілдеде ҚР ДИМ бұрынғы вице-министрі Ерлан Сағадиев қызметінен кеткен болатын

Рахым Ошақбаев 2012 жылдың ақпанынан бастап "Атамекен" Одағы" басқармасы төрағасының орынбасары, кейін палата төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

2011 жылдың мамырынан бастап "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма директоры болды. 2009 жылдың мамыры мен 2011 жыл аралығында "Саяси экономика сараптама орталығы АӨК" ЖШС бас директоры қызметін атқарды.

Еңбек жолын 2001 жылы "ҚазАгроҚаржы" АҚ қаржы-лизингтік компаниясында бастады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети