28 шілде 2015 15:58

Рахым Ошақбаев инвестициялар және даму вице-министрі қызметіне келуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Strategy2050.kz © Strategy2050.kz

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының бұрынғы орынбасары Рахым Ошақбаев Қазақстан инвестициялар және даму вице-министрі қызметіне келуі мүмкін. Бұл туралы ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу барысында ҰКП төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ия, мен растаймын. Рахым Ошақбаевпен әңгімелестім. Ол басқарманың белді мүшелерінің бірі. Мен оған ризамын. Рахыммен біз 3,5 жыл бірге жұмыс істедік. Ол бәрін тез меңгеріп алады, үнемі биік белестерге талпынып жүреді. Кәсіпкерлер де мұны мойындайды. Біз басында ҰКП-ның жақсы қызметкерлермен толығып келе жатқанын түсіндік", - деді кәсіпкерлердің ұлттық палатасы төрағасы Абылай Мырзахметов.

Ұлттық палатаның төрағасы Рахым Ошақбаевтың вице-министр қызметіне кететінін айтты. "Ол тәжірибесімен тек қана пайдасын тигізеді", - деді Мырзахметов.

Еске сала кетейік, 10 шілдеде ҚР ДИМ бұрынғы вице-министрі Ерлан Сағадиев қызметінен кеткен болатын

Рахым Ошақбаев 2012 жылдың ақпанынан бастап "Атамекен" Одағы" басқармасы төрағасының орынбасары, кейін палата төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

2011 жылдың мамырынан бастап "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма директоры болды. 2009 жылдың мамыры мен 2011 жыл аралығында "Саяси экономика сараптама орталығы АӨК" ЖШС бас директоры қызметін атқарды.

Еңбек жолын 2001 жылы "ҚазАгроҚаржы" АҚ қаржы-лизингтік компаниясында бастады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети