22 қыркүйек 2021 12:45

Рашит Сәрсеновтің ұлы "Нұрбанк" иесі болады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эльдар Сәрсенов. Фото:nurbank.kz Эльдар Сәрсенов. Фото:nurbank.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Эльдар Сәрсеновке "Нұрбанктің" ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Эльдар Сәрсеновке "Нұрбанктің" ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының қаулысымен Эльдар Сәрсеновке "Нұрбанк" АҚ-тың ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру мақұлданды. Бұл мәртебе JP Finance Group ЖШС-дағы қатысу үлесінің 100 пайызын сатып алуға және тиісінше жанама түрде орналастырылған (артықшылықты және сатып алынғандарды шегергенде) акциялар санының және (немесе) банктің дауыс беретін акциялары санының 87,87 пайызын сатып алуға құқық береді", - делінген хабарламада.

Эльдар Сәрсенов JP Finance Group ЖШС-ға қатысу үлесін нақты сатып алған және Банктің жанама ірі қатысушысы мәртебесіне ие болған сәттен бастап Эльдар Сәрсенов "Нұрбанк" АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетуі тиіс.

Эльдар Сәрсенов танымал бизнесмен, "Нұрбанк" иесі Рашит Сәрсеновтың ұлы және 2015 жылдан бастап банк басқармасының төрағасы қызметін атқарады.

72 жастағы Рашид Сәрсенов Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның ең бай кәсіпкерлерінің ондығына кіреді. Оның байлығы 810 миллион долларға бағаланады. Бизнесменге "Нұрбанк" АҚ акцияларының кемінде 88 пайызы (JPFinance Group LLP ЖШС және "Кастинг" ЖШС арқылы), "Виктория" сақтандыру компаниясының 100 пайызы, "француз үйі BSB" ЖШС ("француз үйі", Beautymania, Imperial Home, "Сұлулық планетасы" сауда желілері), "Oil Real Estate" ЖШС (ТРК, басқармасы), Caspian Riviera қонақ үйі, Vita суды өндіру және сату компаниясы, Chateau шарап жасау кешені тиесілі Түркістан облысындағы Silk alley, KSP Steel және "Кастинг" зауыттарындағы үлестер тиесілі.

1987-1988 жылдары Рашид Сәрсенов басқарма бастығы, жоғары және арнаулы орта білім министрінің орынбасары, 1988-1992 жылдары Қазақстан Халық ағарту министрінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети