10 қараша 2022 12:48

"Расталмады". Антикор казиноға миллиондап ақша жаратқан қызметкерлері туралы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы облысының прокуратурасы мәліметінде казинода ойын ойнаған шенеуніктер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері бар деген ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы облысының прокуратурасы мәліметінде казинода ойын ойнаған шенеуніктер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері бар деген ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ішкі қауіпсіздік департаменті казинода миллиондап ақша жұмсаған шенеуніктер арасында біздің үш қызметкер бар деген дерек бойынша өтінішіңізді қарады.

Ақпарат расталмағанын, сондықтан лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі туралы мәселені қарауға негіз жоқ екенін хабарлаймыз", - делінген ведомствоның рхабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының прокуратурасы тексеру жүргізіп, 305 қазақстандық шенеунік ойынханада 507 миллион теңге жұмсағанын анықтады. Тексеру қорытындысы құзырлы органдарға тапсырылған болатын.

Анықталған мемлекеттік қызметшілер арасында:

Ішкі істер министрлігі - 97;
Қорғаныс министрлігі - 95;
Қаржы министрлігі - 25;
Жоғарғы Сот - 7;
Қаржы мониторингі органдары - 15;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары - 3;
әкімдіктер - 36;
басқа да мемлекеттік органдар - 27.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети