21 сәуір 2023 11:15

RBK Bank ісі бойынша сотталғандардың жер телімдері мен көліктері мемлекетке қайтарылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

RBK Bank ісі бойынша сотталғандардан тәркіленген жер телімдері мен көліктер мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


RBK Bank ісі бойынша сотталғандардан тәркіленген жер телімдері мен көліктер мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, өткен жылы қабылданған шаралардың нәтижесінде қаражатты тәркілеу, жер телімдерін, жылжымайтын мүліктер мен көліктерді қайтару арқылы мемлекетке 9,2 миллиард теңгеден астам шығын өтелген. Биыл 1,5 миллиард теңге жиналған. Прокурорлар мүлікті иеліктен шығару туралы келісімшарттарды жарамсыз деп тану туралы 36 талап арыз беріп, оның 25-і қанағаттандырылған.

Мемлекетке қайтарылған негізгі мүліктің бірі Алматыдағы "Горный Гигант" ықшамауданындағы жер телімдері мен "RBK Bank"" АҚ жымқыру ісі бойынша сотталғандардың көліктерінің тәркіленуі.

Бас прокурордың наразылығымен Жоғарғы сот Алматы апелляциялық сотының бұл мүлікті тәркілеуден босату туралы шешімінің күшін жойды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети