08 маусым 2022 09:37

Референдумда қабылданған Қазақстан Конституциясындағы өзгерістер күшіне енді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

5 маусымдағы референдумда ел азаматтары қолдаған Конституциядағы өзгерістер күшіне енді. Референдумның қорытындылары туралы ресми ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


5 маусымдағы референдумда ел азаматтары қолдаған Конституциядағы өзгерістер күшіне енді. Референдумның қорытындылары туралы ресми ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланды.

Дауыс беру құқығы бар 11 734 642 азаматтың 7 985 769-ы дауыс берген. Референдумға келгендер 68,05 пайыз болған.

Оның ішінде азаматтардың 77,18 пайызы (6 163 516 адам) Конституцияға өзгеріс енгізуді қолдап, дауыс берген. Түзетулерге азаматтардың 18,66 пайызы (1 490 470 адам) қарсы болған. Бюллетеньдердің 2,58 пайызы жарамсыз деп танылған. Бюллетеньдердің 1,58 пайызы дауыстарды санау кезінде ескерілмеген.

Негізгі өзгерістер:

  • Қазақстан супер-президенттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік формаға көшеді.
  • Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі.
  • Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы жоқ.
  • Қазақстандықтар өз бетінше Конституциялық сотқа жүгіне алады.
  • Өлім жазасына тыйым салынады. Ешкімнің адам өмірін қиюға құқығы жоқ.
  • Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша құрылады.
  • Сенаттағы президенттік квота қысқарады, Мәжілістегі ҚХА квотасы жойылады.
  • Мажоритарлық жүйе депутатты сайлаушылардың қалауы бойынша шақыртып алуға мүмкіндік береді.
  • Тұңғыш Президенттің ерекше рөлі мен артықшылықтары туралы ережелер алып тасталады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның 12 аймағында Конституциядағы түзетулерге дауыс беру өткені хабарланған болатын. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтқан еді. 

Сонымен қатар, республикалық референдумда 9 964 сайлау учаскесінде дауыс беру өтті. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети