31 мамыр 2016 13:59

Ресей әрқашан Қазақстанның ең жақын көршісі әрі досы болады - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Кремль баспасөз қызметі © Кремль баспасөз қызметі

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресей президентінің сайтына сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресей президентінің сайтына сілтеме жасап.

Кремль сайтының хабарына қарағанда, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысының алдында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екіжақты қарым-қатынастың бірқатар мәселесін, ЕАЭО-ның өзекті мәселелерін талқылады.

"Құрметті Владимир Владимирович! Сіздің Қазақстанға әрбір келгеніңіз біз үшін үлкен оқиға. Ресей Қазақстанның ең жақын көршісі, досы, экономикалық және саяси қатынастарда одақтасы және серіктесі болған, болып қала береді. Ресейдің қолдауының арқасында, біздің біріккен жұмысымыздың арқасында ТМД жұмыс істейді, Еуразиялық экономикалық одақ құрылды. Халықаралық жағдайдың күрделі екеніне қарамастан, Бұл Одақ жұмыс істейді және біз кезекті мәселелерді шешеміз. Күн тәртібі жасалды. Төрағалық етуші тарап ретінде Қазақстан бұл отырысты дайындап қойды, меніңше, барлығын талқылаймыз", - деді Қазақстан Президенті.

Ол Жеңіс күніне шақырғаны үшін Владимир Путинге тағы да алғыс айтты. "Қуана бардым", - деді Назарбаев.

Мемлекет басшысы биыл ЕАЭО қатысушылары үшін үлкен мереке - ТМД-ның құрылғанына 25 жыл толып отырғаны жеткізді. 

"Меніңше, отырыс қалыпты өтеді", - деді Назарбаев.


© Akorda.kz

Сонымен қатар, ол Ресей Президентімен биылғы кездесулерінің қауырт кестесіне назар аударды. Мәселен, келесі айда ШСҰ, кейін ТМД және өңіраралық кездесулер болады. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Санкт-Петербургте өтетін экономикалық форумына қатысуды жоспарлап отыр.


© Akorda.kz

Ал Ақорданың мәліметінше, Владимир Путин 9 мамырда Мәскеуге сапармен келгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. "Біз мұны айрықша қарым-қатынасымыздың белгісі деп бағалаймыз. Қазақстан - біз үшін жақын серіктес және ең сенімді одақтас. Арамызда берік экономикалық қарым-қатынас орныққан. Бұған дейінгі жылдарда Қазақстан экономикасы жақсы қарқын алып, оның дамуының іргелі негізі қаланды. Осының барлығы қазіргі қиындықтарды еңсеруге мүмкіндік береді. Еуразиялық экономикалық одақтан біз ешқандай "ғажайыптар" күтпейміз, бірақ интеграциялық өзара іс-қимыл бізге қазіргі қиындықтарды жеңуге көмегін тигізеді", - деді Ресей Президенті.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети