07 қараша 2014 14:12

Ресей Байқоңырды дамытуға қаржы бөлмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Ресей Байқоңырды дамытуға қаржы бөлмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы әкіміне сілтеме жасап. 


Ресей Байқоңырды дамытуға қаржы бөлмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы әкіміне сілтеме жасап. 

"Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде Байқоңырда барлығы Қазақстан Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың күшімен тұрғызылды. Ресейліктер тәртіпті қадағалайды, бірақ жаңа құрылыстар салған емес. Байқоңырды дамытуға Ресей үкіметі әзірше қаражат бөлген жоқ. Оған бірлесіп қаржы бөлу керек", - деді Қырымбек Көшербаев ОҚК брифингінде. 

Әкімнің хабарлауынша, өткен жылы Қазақстан мен Ресей басшылары "Байқоңыр" кешенінде өзара әрекет ету жөніндегі, соның ішінде, ғарыш айлағында қызмет ететін тұрғындары бар іргедегі елді мекендер мәселелері бойынша да бірлескен жол картасын бекітті. "Соған байланысты Қызылорда облысы әкімшілігі Байқоңырдың бас жоспарын қараған кезде айлаққа жақын маңдағы екі елді мекенді дамыту жөнінде Қазақстан үкіметіне ұсыныс келтірді", - деді ол.

"Экология мәселелеріне келсек, осы жол картасында Байқоңырды және оған іргелес екі елді мекенді дамыту жөніндегі кешенді жоспарды жасау және қабылдау деген тармақ бар. Біз бұл бағдарламаны жасап, Үкіметке енгіздік. Ол қазір келісу деңгейінде жатыр", - деді әкім.

Көшербаевтың айтуынша, бұл жол картасы экология мәселелерін шешуге қаржы бөлуді қарастырады. Қазақстан тарапы елді мекендер мәселесін шешуге 1 миллиард теңге бөлген. Елді мекендердің біреуін дамытуға қосымша тағы 600 миллион теңге бөлінді", - деді ол.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети