25 ақпан 2014 | 17:27

Ресей бірнеше мемлекетке бөлінуі мүмкін - сарапшылар

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Ресей жер көлемі жағынан әлемде бірінші орын алатын – алып держава. Халық саны бойынша 142 млн. тұрғыны бар көршіміз Қытай, Үндістан, АҚШ, Индонезия, Бразилия, Пәкістан, Бангладеш және Нигериядан кейінгі 9-орын алады. Бүгінде бұл федерация құрамына 21 республика кіреді. Осы 21 республиканың барлығы дерлік ұлттық мемлекеттік құрылым саналады. Осыған дейін аталған 21 республиканың бәрі болмаса да, тең жарымы тәуелсіздік алуға талпынатыны жазылып келген болатын. Сарапшылар Украинадағы жағдайдан кейін сол үрдіс жеделдеуі мүмкін екенін тілге тиек етеді. Неге? Кеңестер Одағы ыдырағалы бері Ресей өзінің ықпалындағы біраз елден айрылып қалды. Әлемдік сарапшылар Украинадағы бірнеше айға созылған Майданды соның тағы бір дәлелі ретінде таласа жазуда. Десе де, Украинаның тағдыры қыл үстінде тұр. Кейбір саясаткерлер "бұл Майданның соңы Украинаны екіге бөліп тынуы мүмкін" деседі. Сондай-ақ, бұған кереғар пікірлер де жоқ емес. Ол пікірлердің дені украин халқының серпілуі Ресей ішіндегі аз ұлттардың һәм ықпалындағы өзге де мемлекеттердің ұлттық рухының оянуына түрткі болғанын айтысады. Бұл айтылған ой қаншалықты орынды? Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасы" интернет-газетінен оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети