Ресей елшісіне жасалған қастандықтан кейін қазақстандық дипломаттардың қауіпсіздігі күшейтіледі

20 Желтоқсан 2016, 13:23
0
Ресей елшісіне жасалған қастандықтан кейін қазақстандық дипломаттардың қауіпсіздігі күшейтіледі - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Ресей елшісінің Түркияда өлтірілуінен кейін қазақстандық дипломаттардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету шаралары күшейтіледі. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Әшікбев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әрине, бұл акт қабылдауға келмейтін жайт. Біз оны толықтай айыптаймыз. Біздің дипломатардың шетелдегі қауіпсіздігі туралы айтсақ, бұл жұмыс үздіксіз атқарылып келеді. Өкінішке қарай, әлемдегі қазіргі жағдай қауіпсіз емес, сондықтан шетелдегі біздің дипломаттардың, жалпы азаматтарымыздың қауіпсіздігі министрліктің үздіксіз бақылауында", - дейді вице-министр.

Журналистердің сұрағына жауап бере отырып, Әшікбаев қазақстандық дипломаттардың шетелдегі қауіпсіздік шаралары күшейтілетінін айтты.

"Әлбетте, сақтандыру шаралары жүргізіледі. Біздің азаматтарымызға үнемі айтатын кеңесіміз - қауіпсіздік жағдайы шиеленіскен, нашарлаған жағдайда адамдар көптеп жиналатын орындардан аулақ болып, осындай ірі шаралар өткізілген кезде сақ болуыға шақырамыз", - деді ол.

"Келіссөздерге қатысты - бұл бөлек мәселе. Біз екі тарапты да бұл мәселеге байыппен келіп, жақында ғана қалпына келе бастаған қарым-қатынасты бұзып алмасын дегіміз келеді. Біз Қазақстанның маңызды серіктестері болып келетін екі ел арасындағы қарым-қатынастың бұзуылуына себеп болған қайғылы оқиғаны естен шығарған жоқпыз", - деп айта кетті Әшікбаев.

Еске салайық, Ресейдің Түркиядағы елшісіне тікелей эфирде қастандық жасалған болатын. Ресейдің Түркиядағы елшісіне шабуыл Түркия астанасындағы заманауи өнер орталығындағы көрменің ашылу салтанатында жасалды. Куәгерлердің айтуынша, мекемеге қарулы адам кіріп келіп, дипломаттың артынан оқ атқан. 62 жастағы дипломатқа мінберде сөз сөз сөйлеп тұрғанда жасалған. Полицейлер оған шабуыл жасаған адамның көзін жойды. Бұл оқиғаны түрік телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатқан. Кейін ҚР СІМ Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловқа жасалған қастандық туралы пікір білдірді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай