08 қыркүйек 2020 09:37

Ресей Қазақстанға Байқоңыр ғарыш айлағындағы жабдықты қайтаруды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

"Роскосмос" мемлекеттік корпорациясы Қазақстанға Ресейге жалға берілген "Буран" ұшатын алаңындағы кей жабдықты қайтаруды ұсынды, - деп хабарлайды РИА Новости.


"Роскосмос" мемлекеттік корпорациясы Қазақстанға Ресейге жалға берілген "Буран" ұшатын алаңындағы кей жабдықты қайтаруды ұсынды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Байқоңыр ғарыш айлағының 110-алаңында "Энергия" зымыран тасығышының кешені тұр. Нысанды "Жер үсті ғарыш инфрақұрылымының нысандарын пайдалану орталығы" АҚ филиалы "Южный" ғарыш орталығы пайдаланып, күзетеді. Бірақ ол пайдаланудан шығарылды. Қазір алаңда ешқандай жұмыс жүріп жатқан жоқ. Алайда Қазақстан Республикасына алаңдағы кей агрегатты, оның ішінде жердегі кабель-каналдарды беру мәселесі келісіліп жатыр", - деді басылымға Жер үсті ғарыш инфрақұрылымының нысандарын пайдалану орталығының баспасөз қызметіндегілер.

Ресей жалға алған және қазір пайдаланылмай тұрған мүлікті қайтару туралы ұсыныс қазақстандық тарапқа жеткізілді және қазір талқылап жатыр.

110-алаң Н-1 ай зымыранын ұшыру үшін қолданылған. Кейін "Буранда" ғарышқа байланысты проблемалар шыққан соң "Энергия" аса ауыр зымыранын ұшыру үшін берілген.

Ресей Федерациясы Байқоңыр ғарыш айлағын 2050 жылға дейін жалға алған. Бағасы - жыл сайын 115 миллион доллар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети