Ресей СІМ Қазақстанмен шекараны қайта қарау керек деген депутаттың сөзіне қатысты пікір білдірді

03 Ақпан 2017, 11:29
0
Ресей СІМ Қазақстанмен шекараны қайта қарау керек деген депутаттың сөзіне қатысты пікір білдірді - © ORTCOM.KZ
© ORTCOM.KZ

Ресей Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік дума депутаты Павел Шперовтың шекараны қайта қарау туралы айтқанына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кейінгі кезде Ғаламторда Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы қызу талқыланып жатқанына қатысты айтарымыз - Ресей Федерациясының сыртқы саясат мәселелері бойынша Ресей президенті, Ресей Үкіметінің Төрағасы, Сыртқы істер министрі және олардың өкілетті тұлғалары ғана ресми мәлімдеме жасай алады. Біздің стратегиялық серіктесіміз және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы(ҰҚШҰ) бойынша одақтасымыз Қазақстанмен арадағы қазіргі қарым-қатынас негізі 1992 жылдың 25 мамырында Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартына қол қойылған кезде салынған. Бұл қарым-қатынастар 2013 жылдың 11 қарашасында Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасында ХХІ ғасырдағы ізгі көршілестік және одақтастық туралы шартына қол қойлығаннан кейін нығая түсті", - делінген Ресейдің сыртқы саяси ведомствоның ресми хабарламасында. 

Еске салайық, БАҚ-та Ресейдің Мемлекеттік дума депутаты Павел Шперовтың шекараны қайта қарау туралы сөзі жарияланған болатын. Онда Қазақстанға жер бойынша талаптар бары айтылған еді. 

Мұның алдында ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстан Ресей Федерациясының Мемлекеттік дума депутаты Павел Шперовтың айтқанына қатысты алаңдаушылық білдіретінін мәлімдеген. 

Ал қазақстандық саясаткер Ерлан Қарин мұндай сөздерді қатаң тиып отыру керек деген болатын. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай