25 қазан 2016 15:57

Ресейден келетін ауыл шаруашылығы өнімдеріне уақытша шектеулер қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Қазақстан-ZAMAN © Қазақстан-ZAMAN

Ресей Федерациясынан келетін ауыл шаруашылығы өнімдеріне уақытша шектеулер қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ресей Федерациясынан келетін ауыл шаруашылығы өнімдеріне уақытша шектеулер қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2016 жылғы 20 қазан күні Халықаралық эпизоотиялық бюроның (бұдан әрі - ХЭБ) ресми нотификациясы бойынша Ресей Федерациясы Владимир облысының Вышманово ауылы аумағында аусыл ауруы (Foot and mouth disease) тіркелген. Владимир облысы 2016 жылы ХЭБ-мен аусыл ауруынан вакцинациясыз ерікті аймақ құрамына жататындығын ресми түрде иеленген. ХЭБ-ның Жер беті жануарлар санитарлық кодексінің 8.8.2 бабына сәйкес аусыл ауруына қарсы вакцинация (егу) жүргізілмейтін, аусыл ауруынан бос аймақтың талаптарының біріне белгіленген аймақта аусыл ауруының соңғы 12 ай ішінде тіркелмегендігі болып табылады", - делінген хабарламада. 

Осыны ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті 2016 жылғы 25 қазаннан бастап Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына төмендегі тауарлар кіргізуіне уақытша шектеулер енгізеді: аусылға бейім жануарларды; сиыр етін;
шошқа етін; қой етін; сүт және сүт өнімдерін; жылулық өндеуден өткен дайын өнімдер; аусылға бейім жануарларды союдан алынған тағамға қолданылмайтын шикізаттар мен бұйымдарын; аусылға бейім малдарды ұстауға; союға және өңдеуге қолданылған жабдықтарын; жануарларға арналған азықтар мен азықтық қоспалар.

Сондай-ақ, министрліктің сайтында Қытай тарапының еліміздің 9 облысынан аусыл ауруы бойынша шектеуді алып тастағаны хабарланды. Бүгін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің брифингінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева Қытай Халық Республикасының Сапаны қадағалау, инспекция және карантин жөніндегі бас басқармасы төрағасының орынбасары Мей Кебаомен өткен келіссөздер қорытындыларын жариялады.

Келіссөздер барысында СИКҚББ Қазақстанның тоғыз облысы (Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары) аусыл ауруына қарсы иммунизация жасалмайтын таза аймақ ретінде мойындайтыны туралы ақпараттық бюлетеннің ресми мәтінін ұсынды.

Осылайша, аталған өңірлер кесімінде бұған дейінгі Қазақстан аумағынан ҚХР аумағына аусылмен ауыру қаупі жоғары жануарлар бойынша ет пен ет өнімдерін тасымалдауға қатысты шектеу алынып тасталды. Қазіргі таңда ҚХР-ға экспорттайтын кәсіпорындар реестріне қосу үшін ет өңдеуші кәсіпорындарға тексерістер жүргізілуде.

Айта кетейік, 2013 жылдан бері Қазақстанның барлық өңірлерінен ҚХР-ға ет пен ет өнімдерін тасымалдауға тыйым салынған болатын. Бұл ШҚО аумағында аусыл ауруының таралуына орай қолға алынған шара еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети