30 қаңтар 2014 10:26

Ресейдің сапасыз жанар-жағармайы ішкі нарықты жаулап алмақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Ресейдің жанар-жағармайы Қазақстан нарығын тағы да жаулап алуы мүмкін. Бұл туралы Павлодар Мұнай-химия зауытының бас директоры Шухрат Данбай мәлімдеп отыр деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жалпы, зауыт директорының айтуынша, жыл басынан бері елімізге Ресейдің арзан мұнай өнімі қажетінше еніп жатыр. "Біз былтырғы жылға жағдаймен тағы да бетпе-бет келіп отырмыз. Бізге Ресейден әсіресе сапасы төмен Еуро-2 стандартына сай өнімдер молынан еніп жатыр. Алғашқы сатылым бағасы төмен болғаннан кейін, Ресей жанар-жағармайлары нарықта да төмен бағамен сатылуда. Осыдан барып отандық өнімнің сатылым деңгейі төмендеп, Ресей өнімінің сатылымы жоғарлап, сұранысқа ие болып тұр. Бұл жағдай біздің отандық жанар-жағармай нарығына кері әсер етеді", - дейді Шухрат Данбай Айта кету керек, Павлодар Мұнай-Химия зауыты технологиясы жағынан жағынан Қазақстанда ғана емес, ТМД елдеріндегі соңғы үлгімен жабдықталған кәсіпорындардың бірі. Зауыт отындық нұсқа бойынша мұнай өндіреді, өңдеу тереңдігін 85 пайызға дейін қамтамасыз етеді, мұның өзі мұнай өнімдерін өндірушілердің әлемдік таңдаулы деңгейіне сай келеді. Мұнай өңдеудің жобалық қуаты бойынша зауыт еліміздегі аса ірі кәсіпорын болып табылады: жылына 7,5 млн тонна мұнай өндіреді. Өнімінің негізгі түрлері: этилдендірілмеген бензиндер: А-76, АИ-80, АИ-92, АИ-93, АИ-95, АИ-98; реактивтік қозғалтқыштар үшін отын; жазғы және қысқы дизельді отын; мазут М-40, М-100; құрылыс, жол, төбелік битумдар; мұнай кокстары; техникалық көміртек үшін шикізат; сұйытылған газ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети