18 тамыз 2014 18:18

Ресейге қарсы санкцияға байланысты Павлодар облысы азық-түлік қорын көбейтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Ресейге қарсы қолданылып жатқан санкцияларға байланысты Павлодар облысы азық-түлік қорын тағы да 1200 тоннаға дейін арттырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресейге қарсы қолданылып жатқан санкцияларға байланысты Павлодар облысы азық-түлік қорын тағы да 1200 тоннаға дейін арттырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша аймақтың азық-түлік тұрақтандыру қорының көлемі алдында 1000 тоннаға дейін артты. Сонымен қатар, Ресейге қарсы қолданылып жатқан санкцияларға байланысты облыс басшылығы күні кеше азық-түлік қорын тағы 1200 тоннаға көбейту туралы бұйрық берді. Осылайша тұрақтандыру қорындағы көлем 6300 тоннаға дейін өсті", - деп хабарлады бүгін арнайы баспасөз мәслихатында "Павлодар" Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы басқармасы төрағасының орынбасары Ерлан Дүзелбаев.

Қазір корпорация тауар өндірушілермен келісімшартқа отыру бойынша жұмыс атқарып жатыр. "Сақтауға бір келісін 40 теңгеден картоп, 35 теңгеден сәбіз, қырыққабат, қызылша алып қойдық. Оны қажет кезде нарықтағы бағаға сүйене отырып, өткізетін боламыз. Көбіне біз сататын тауарлар нарықтық бағадан 15-20 пайызға төмен боп келеді" дейді Дүзелбаев. Көкөніс өнімдерінен тыс тұрақтандыру қорында дәнді-дақыл өнімдері, қант, шекілдеуік және сары май да сақталатын болады.

Облыс басшылығы  азық-түлік бағасының күрт қымбаттауына жол бермеуге уәде беріп, тағы бір жағынан, осылайша Ресейге қарсы санкциялар аймақ қоймаларын түгеседі деген сыбысты жоққа шығарды. "Ресейге қарсы санкция қала мен облыстың дүкен сөрелеріндегі тауарлардың бағасын өсіреді деген алып-қашпа сөз негізсіз. Баға аздап өседі, бірақ, жалпылай алғанда, барлық тауар өндірушілер бұл жайтқа салқынқанды қарайды, олар тауарын өткізу бойынша келісімшарт алдын ала жасалып қойғанын айтып бейқам отыр. Сондықтан басты әлеуметтік тауарларға: дәнді-дақыл өнімдері, шекілдеуік майы, сүт, ет бағасы күрт өзгеріске ұшырамайды деп нық айта аламын", - деді Ресейге қарсы қолданылып жатқан санкцияларға қатысты көзқарасында Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының жетекшісі Жанат Шұғаев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети