20 қыркүйек 2021 16:59

Ресейлік ЖОО-дағы атыс. Қазақстандағы оқу орындарында қауіпсіздік күшейтіледі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры/Ресей Пермь қаласы Видео кадры/Ресей Пермь қаласы

Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бүгін, 20 қыркүйекте Пермь университетінде болған атысқа қатысыты пікір білдіріп, еліміздің оқу орындарында қауіпсіздік күшейтілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бүгін, 20 қыркүйекте Пермь университетінде болған атысқа қатысыты пікір білдіріп, еліміздің оқу орындарында қауіпсіздік күшейтілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазан қаласындағы теракт кезінде жақындары қаза тапқандардың жан-жаралары әлі де жазыла қойған жоқ. Бүгінгі оқиға жығылғанға жұдырық болып отыр. Бұл қайғылы оқиғалар еліміздегі мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарындағы қауіпсіздікті күшейтудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Оқу орындарының әрбір басшысы балаларды қорғау мәселесіне басымдық беруі тиіс", - деді министр Facebook-парақшасында.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті. Аймағамбетовтың айтынша, бұл мәселе Үкімет отырысында егжей-тегжейлі қаралып, әкімдіктерге тапсырма берілген. Сондай-ақ, ЖОО басшылығына оқу корпустары мен жатақханаларда қауіпсіздікті күшейту керектігі айтылған.

"Бұл тапсырмалар – жабдықтарды түгендеу, жедел басқару орталығына бейнекамераларды қосуды қамтамасыз ету ЖОО кіру режимін күшейту және төтенше жағдай туындаған кезде қабылданатын іс-қимылдар бойынша сабақтар өткізу", - деді Аймағамбетов.

Ол Қазіргі уақытта министрлік басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп білім беру нысандарының терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру бойынша құжат әзірлегенін айтты.

"Осы нормативті-құқықтық актіні талқылау барысында 2000-нан аса сұрақ пен ұсыныс келіп түсті. Бұл құжат кейбір азаматтарды алаңдататынын білеміз. Олар дабыл батырмаларын, бейнебақылау жүйесін, турникеттерді орнатуға және төтенше жағдайдағы оқу-жаттығулар өткізуге қарсы екендігін жазды. Мен бұл ережелердің балаларға қауіп төндірмейтінін, керісінше, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мұндай жағдайлардың алдын алуға бағытталғандығын мәлімдеймін. Әрбір білім беру ұйымында барлық қауіпсіздік шарасы қабылдануы қажет", - деп жазды ол.

Сондай-ақ, министр әкімдіктер бұл мәселені кешенді шешу үшін қосымша қаражат қарастыратынын айтты. Енді бейнебақылау камерасын, күзет сигнализациясы мен дабыл батырмасын орнату, жедел басқару орталығына бейнекамераларды қосу, өткізу режимі ұйымдастыру және қауіпсіздік жүйесінің басқа да элементтері қарастырылмақ.

"Қызметкерлер мен оқушылар техникалық шаралардан бөлек, төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алогоритмін білу қажет. Сонымен қатар білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын күшейту де басты назарда болу керек. Біз бұл мәселелерге ерекше көңіл бөлеміз" - деп түйіндеді министр.

Бұған дейін Ресейдің Пермь қаласындағы жоғары оқу орнында атыс болғаны хабарланған еді. Оқиға видеосы РЕН-ТВ Telegram-арнасында жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, студенттер ғимарат терезесінен секірген. Сондай-ақ, видео кадрларынан атыс естіледі. Оқиға салдарынан 8 адам қаза тапты, алтауы жараланған. Қылмыстық іс "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеледі. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети