24 қазан 2018 14:13

Ресейлік шұжық пен тартылған ет Қазақстан дүкендерінен алып тасталып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© halal-spb.ru © halal-spb.ru

Ресейден жеткізілген тартылған ет, бройлер балапаны қанаты және шұжықты Қазақстан сөрелерінен алып тасталынып жатыр. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Ресейден жеткізілген тартылған ет, бройлер балапаны қанаты және шұжықты Қазақстан сөрелерінен алып тасталынып жатыр. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу шеңберінде Қазақстанға мына өндірушілер жеткізетін тамақ өнімдерінің сынамаларында жалпы микробтық тұқымдану көрсеткіші бойынша:

- "ФинИнвест" ЖШҚ (РФ) - "Котлетный" тартылған ет сынамасында;

- "СПК Курников" ЖШҚ (РФ) - "Натуральный", "Крестьянский" тартылған ет сынамаларында;

- "Ставропольский бройлер" ЖАҚ (РФ) - бройлер балапаны қанаты сынамаларында;

- "Микояновский мясокомбинат" ЖАҚ (РФ) - "Особая со шпиком" шұжық сынамасында гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттер талаптарының бұзушылықтары анықталғанын хабарлайды.

Қазіргі уақытта сапасыз өнімдерді өткізушілерге қатысты, оның ішінде сауда объектілерінен сапасыз тауарды алып тастау бойынша әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдануда.

Дүкен сөрелерінде сәйкес келмейтін өнім анықталған болса, Комитеттің мекенжайына жазбаша және 8 /7172/ 74-26-97 телефон нөміріне хабарласуға болады", - делінген ҚДСК хабарламасында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети