23 қазан 2022 15:19

Республика күні қарсаңында бірқатар ақтөбелік мемлекеттік наградалармен марапатталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Ақтөбеде Республика күніне арналған салтанатты шара өтті. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов өңір тұрғындарын Ұлы күн - Республика күнімен құттықтады. 


Бүгін Ақтөбеде Республика күніне арналған салтанатты шара өтті. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов өңір тұрғындарын Ұлы күн - Республика күнімен құттықтады. 

"1990 жылғы 25 қазан - Қазақстанның егемендігі туралы Декларациясы қабылданды. Осы күннен бастап біз шекарамызды шегендеп, көнеден жеткен дәстүрімізді, қастерлі мәдениетімізді, қасиетті тілімізді жаңғыртуға жол аштық. Біз Республикамыздың 30 жылдық кезеңін табысты аяқтап, төртінші онжылдыққа аяқ бастық. Бұл жылдар маңызды оқиғаларға толы болды. Мемлекетіміз дамудың жаңа сатысына көтеріліп, әлемдік қауымдастықта лайықты орынды иеленді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бүгінгі саяси жүйені жаңғырту бағытындағы реформалары мемлекет пен қоғамның байланысын жаңа деңгейге көтерді. Ең алғашқы қадам - Конституциялық референдум өткізіліп, Ата заңға толықтырулар енгізілді. Елдің бірлігі мен бітімгерлігі талқыға түсетін тарихи бастама Ұлттық құрылтайда мемлекетіміздің дамуының жаңа бағыттары айқындалды. Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісінде жаңа 3 облыс құрылды. Ұлттық құрылтайда қабылданған ең маңызды шешім 25 қазан - Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды. Мемлекет басшысы егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуді ұсынды. Республика күнін мерекелеу жалпыұлттық тұтастығымызды, қалыптасқан мемлекеттілігімізді айшықтай түсетін бүкілхалықтық тарихи күн. Бұл ата-бабаларымыздың орындалған арманы, ұлттық идея мен мемлекеттік бірегейлікке ұласқан күн, бұл Тәуелсіздігімізді ұлықтайтын мереке!", - деп атап өтті Ералы Тоғжанов. 

Аймақ басшысы облыстың дамуы жолында жасалып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып, болашақта жүзеге асырылуы тиіс жоспарларын бөлісті. 

Дәлірек айтсақ, Тәуелсіздік жылдары облыста 12,3 миллион шаршы метр тұрғын үй салынса, биыл 1 миллион 250 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл өз кезегінде тұрғын үйге мұқтаж жандардың мәселесін шешуге септігін тигізеді. 

Бұдан басқа, 176 медициналық нысан, 55 мың орынға шақталған 169 мектеп, 42,9 мың орынға арналған 553 мектепке дейінгі ұйым пайдалануға берілді.

Өңірде елді мекендерді газ желісіне қосу қарқынды жүргізіліп жатыр. Егер 1991 жылы газбен қамтамасыз етілген тұрғындар саны 48,9 пайыз болса, қазіргі көрсеткіш 93,1 пайыз.

Облыстың ауыл шаруашылығы саласында да оңды өзгерістер бар. Кейінгі жылдары мал басы айтарлықтай көбейді. Мәселен, өңірде ірі қара мал басы 371 мыңнан 630 мыңға, жылқы 77,6 мыңнан 255,6 мыңға жетті.  

Өңірдегі күрделі мәселелердің бірі - жолдың жағдайы. Ақтөбе облысында соңғы үш жылда ғана 855 шақырым автомобиль жолы жөндеуден өтіп, бұл бағыттағы жоспарлы жұмыстар алдағы уақытта да қарқынды жалғастырылады.

"Қадірлі жерлестер, алда үлкен саяси науқан - Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы. Бұл әрбір қазақстандықтың болашағын айқындайтын, елдің тұрақтылығы мен тыныштығын қамтамасыз ететін, мемлекеттің дамуы жолындағы стратегиялық бағыттарды қабылдайтын жауапты кезең! Осы саяси науқанда ақтөбеліктер өз ауызбіршіліктерін көрсетіп, белсенділік танытатынына сенімдімін.

Егемендігімізді көздің қарашығындай сақтап, елдігімізді тұғырлы ету - әрбір азаматтың абыройлы борышы. Ұлт болып ұйысып, жұрт болып жарасып елдің дамуы үшін еңбек етейік", - деп сөзін түйіндеді облыс әкімі Ералы Тоғжанов. 

Салтанатты шара аясында бірқатар ақтөбелікке өңірдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халық арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қоғамдық қызметте белсенділік танытып, үлес қосқаны үшін ел Президентінің Жарлығымен мемлекеттік наградалар табысталды. 

"Парасат" ордені археолог, тарих ғылымдарының докторы Серік Әжіғалиға және философия ғылымдарының докторы, еңбек ардагері Алтай Тайжановқа табыс естілді. 

"Құрмет" орденімен наградталғандардың қатарында Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қожағали Аққожа, Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің директоры Қасымбек Алдияров, еңбек ардагері Көшкінбай Ахметов, дене мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубының жаттықтырушысы Сергей Ведюшкин, облыстық соттың төрағасы Асламбек Мерғалиев бар.

ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденінің иегерлері Ақтөбе хром қосындылары зауытының шебері Раиль Ильясов, "Ұлы қабырға "ҚҚБК" ЖШС шебері Мереке Қадыралиев, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты цехының бастығы Сәбит Қайрақбаев, "Табыс" шаруа қожалығының басшысы Нұрғазы Қасымов атанды.

Бұдан басқа, еңбегімен ерекшеленген бірқатар ақтөбелік  "Ерлігі үшін", "Ерен еңбегі үшін", "Шапағат" және "Жомарт жүрек" медальдарымен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" медалімен марапатталды. 

Айта кетейік, үш ақтөбелік Астана қаласында өткен салтанатты шараға арнайы шақырылды. "Алтын-Әсел" ЖШС директоры Хамит Өтеуұлы "Отан" орденін, "Екі Езу" сатира театрының көркемдік жетекшісі Нұрлыбек Жұбатқан "Ерен еңбегі үшін" медалін және "Мейірім" жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығының директоры Жанна Дүйсенбина "Шапағат" медалін иеленді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Ақтөбе облысының әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети