Республика мектептерінде ақша жинаған мұғалімдер жазаға тартылады - ҚР БҒМ

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Астана мектептерінде бітіру кештері қарсаңында ақша жиналып жатқан жоқ. Бұл туралы Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астана мектептерінде бітіру кештері қарсаңында ақша жиналып жатқан жоқ. Бұл туралы Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"2016-2017 оқу жылының басында республиканың барлық мектебінде, соның ішінде Астана мектептерінде қаражат жинауға тыйым салу туралы бұйрық шықты. Бұл бұйрықты барлық мектеп жетекшілері мен мұғалімдер орындауы тиіс. Бұл бұйрықты орындамағандар әкімшілік жазаға тартылады", - деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Арман Жүнісов ОКҚ брифингінде.

Ол аттестат тапсыру бойынша салтанатты бітіру кештері мектеп қабырғасында өтуі тиіс екенін еске салды. 

"Сондықтан министрлік барлық бітіру кешін мектеп қабырғасында өткізуге кеңес береді. Министрлік осыған байланысты барлық мектепке жадынама жолдады. Астана қаласы Білім басқармасының мәліметінше, қала мектептерінде ақша жиналып жатқан жоқ", - деді ҚР БҒМ өкілі.

Оның айтуынша, мектептерде ақша жинау дерегі анықталған жағдайда Білім және ғылым министрлігіне хабарласу керек. "Баспасөз қызметіне, бізге хат жазуыңызға немесе телефон соғуыңызға болады. Қаланың, аудандардың білім басқармаларына хабарласып, осындай дерек тіркелген жағдайда, айналысамыз", - деді Жүнісов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer