14 қаңтар 2022 22:30

Ревакцинация: Нұр-Сұлтанда егде жастағы адамдар Pfizer салдыра алады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Shutterstock Фото ©Shutterstock

Нұр-Сұлтанда 60 жастан асқан адамдар ревакцинация кезінде Pfizer вакцинасын салдыра ала алады. Сондай-ақ, вакцина медицина қызметкерлерін ревакциналау үшін де қолжетімді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда 60 жастан асқан адамдар ревакцинация кезінде Pfizer вакцинасын салдыра ала алады. Сондай-ақ, вакцина медицина қызметкерлерін ревакциналау үшін де қолжетімді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің шешіміне сәйкес, коронавирус жұқтыру салдарынан ауыр ауру қаупі жоғары медицина қызметкерлеріне, 60 және одан жоғары жастағы адамдарға "Комирнати" (Pfizer) вакцинасын қолдана отырып, ревакциналауға рұқсат етілген.

Елордалық емханаларда осы санаттағы адамдарды ревакциналау басталып та кеткен. Дегенмен, екпе алуға қарсы көрсетілімдері жоқ тұрғындарға қайта вакцина алуға рұқсат етіледі. Pfizer тек медицина мекемелерінде бар. Яғни, сауда орталықтарындағы екпе пункттерінен екпе алу мүмкін емес.

Қалада азаматтарды вакциналау және ревакциналауға барлығы 31 вакцина пункті ашылған. Оның ішінде 26-сы медицина ұйымдарында, 4-і сауда орталықтары мен "Нұрлы жол" ТЖ вокзалында. Бүгінде қала бойынша 25 мың 800-ден аса адам ревакцинациядан өткен.

Елордада эпидемиологиялық жағдай нашарлауына байланысты дәрігерлер тағы да тұрғындарға жүгініп, аурудың қиын түрін немесе өлім жағдайларын болдырмау үшін коронавирусқа қарсы вакцинаны мүмкіндігінше тезірек алуға шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети