11 мамыр 2021 09:35

Риддердегі алапат өрт жарты тәуліктен соң сөндірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ШҚО ТЖД Фото: ШҚО ТЖД

Құтқарушылар Риддер маңындағы Лесхоз аулында болған алапат өртті сөндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысы ТЖД-ға сілтеме жасап.


Құтқарушылар Риддер маңындағы Лесхоз аулында болған алапат өртті сөндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысы ТЖД-ға сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, өрт 11 мамырда таңертең сағат 7.00 шамасында сөндірілген.

"Лесхоз аулындағы өрт сөндірілгені хабарланды. Құтқарушылар Лихачев көшесіндегі 10 тұрғынды эвакуациялады. Орман аумағында өрт сөндіру жұмысы жалғасып жатыр.

Қазіргі уақытта өртеніп жатқан орманның аумағы - 310 гектар. Қосымша көмек ретінде Нұр-Сұлтан мен Павлодардан "Авиациялық орман күзетінің" екі тікұшағы жіберілді. 17 500 текше метр су құйылды", - деді ТЖД өкілдері.

ТЖМ хабарына қарағанда, ормандағы өртті сөндіруге қатты жел кедергі болып жатыр. Оның екпіні секундына 20 метр жылдамдыққа жетеді. Алдын ала нұсқа бойынша, мамандар әдейі өрт қою және отқа ұқыпсыз қарау нұсқаларын қарап жатыр.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өртті сөндіруге 136 құтқарушы, 161 жергілікті орманшы, әкімдіктің пен басқа да ведомстволардың 29 өкілі қатысып жатқанын атап өтті. Екі тікұшақ пен 60-қа жуық техника қолданылып жатыр, олар - су тасымалдаушылар, бульдозерлер, УАЗ және грейдерлер.

Сондай-ақ, 120 полицей мен 8 патрульдік экипаж өрт орнын қоршап тастаған. Олар біреу-міреу тонап кетпеуі үшін бос қалған үйлерде кезекшілік етеді.

Фото: ДЧС ВКО

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Риддер қаласының маңындағы орманда жойқын өрт туралы видео тараған болатын. Видеоны ШҚО ТЖД мен куәгерлер жолдаған. Бастапқыда өрттен 14 үй зардап шеккені айтылған еді, алайда кейінірек 35 үйді жалын шарпығаны анықталды. Төтенше жағдайдан бір адам қаза тауып, екі адам зардап шеккені, олар ауруханада жатқаны хабарланды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Лесхоз кентінің өрттен зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетуді тапсырған болатын. Кейін полиция соталды тергеу бастағаны хабарланған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети