Риддердегі ЖЭО-ны жөндеуге тағы 1,7 миллиард теңге бөлінді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Риддердегі ЖЭО-ның жөндеу жұмыстарына Үкімет резервінен шамамен 1,7 миллиард теңге бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Риддердегі ЖЭО-ның жөндеу жұмыстарына Үкімет резервінен шамамен 1,7 миллиард теңге бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, Риддердегі жылу электр орталығында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферт түріндегі қаражат аударылады.

Соңғы екі жылда Риддер ЖЭО-ға Үкімет резерві мен облыс бюджетінен 15,5 миллиард теңге бағытталған. Қазандықтар мен турбиналарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, стансаның тозу деңгейі 75 пайыздан 46 пайызға дейін төмендеді. Ұзындығы 21,3 шақырым жылу желісінде жөндеу жүргізілді, соның нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 82 пайыздан 67 пайызға дейін азайған.

"Сонымен қатар, 2023-2024 жылдардағы жөндеу науқанына енбеген тораптар мен механизмдерді жөндеу қажет. Қазандық агрегаттарын, турбоагрегаттарын, сондай-ақ жабдықтың тұрақты түрде электрмен қамтамасыз етілуіне жауапты кешенді тарату құрылғыларын жөндеу қажет", - делінген хабарламада.

Осылайша, бөлінген қаражат Риддер қаласының жылу электр орталығын алдағы 2025-2026 жылыту маусымына уақтылы әрі сапалы дайындауды қамтамасыз етеді.

Еске сала кетейік, 2024 жылы жылу электр орталығын тиімді басқару, стансаның қаржылық және кадр тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мүліктік кешені коммуналдық меншікке берілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.65  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer