24 наурыз 2023 12:55

Риддердегі жылу электр орталығында жарылыс болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Риддердегі жылу электр орталығында №6 қазандық аймағындағы жанармай беру галереясында жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Риддердегі жылу электр орталығында №6 қазандық аймағындағы жанармай беру галереясында жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, көмір шаңынан туындаған жарылыс салдарынан 80 шаршы метр қоршау құрылымы қираған.

"Бұл жерге Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің басшылығы дереу жолға шықты. Бұйрыққа сәйкес комиссия технологиялық бұзушылыққа тергеп-тексеру жүргізеді. Комиссия құрамына Комитет өкілдері, Риддер ЖЭО және техникалық сарапшы кірді. Тергеп-тексеру нәтижелері 10 жұмыс күні ішінде дайын болады", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ЖЭО-да 6 қазандықтың 2-і жұмыс істеп тұр. Қалған 4 қазандықта ақауларды жою бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети