14 қыркүйек 2022 11:54

Рим Папасы діндер көшбасшыларының съезінде Абайдың сөзінен дәйексөз келтірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Мейірбек Тажкуранов Фото: Мейірбек Тажкуранов

Рим Папасы Франциск Нұр-Сұлтанда сөз сөйледі. Өз үндеуінде понтифик Абайдың сөзінен дәйексөз келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Рим Папасы Франциск Нұр-Сұлтанда сөз сөйледі. Өз үндеуінде понтифик Абайдың сөзінен дәйексөз келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше мен домбыраның бейнесін алдым. Бүгін мен дауысымды музыкалық аспаппен байланыстырғым келеді. Осы жердің ең атақты ақыны - оның қазіргі әдебиетінің атасы, домбырамен жиі суреттелетін композитордың дауысы - Абай. Ол артында діншілдікпен сусындаған туындылар қалдырды, онда осы халықтың жан дүниесіндегі ең жақсы нәрсе көрсетілген - бейбітшілікті аңсайтын және соған ұмтылатын үйлесімді даналық", – деді Рим Папасы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінде.

Понтифик бейбітшілік негізінде махаббат пен әділеттілік жатқанын атап өтті.

"Абай адамзаттың бастауы - махаббат пен әділдік екенін еске салады. Ешқандай жағдайда зорлық-зомбылықты ақтауға болмайды. (...) Адамға лайықты құралдар - балаларға, жас ұрпаққа ерекше қамқорлықпен өткізетін кездесулер, диалог, шыдамды келіссөздер... Абай осыған байланысты білімін кеңейтуге, өз мәдениетінен тыс шығуға, таным, тарих және басқалардың әдебиетін қабылдауға шақырды. Өтінемін, қару-жараққа емес, білімге ақша салайық", - деді Рим Папасы.

Сурет: Ақорда баспасөз қызметі

Рим Папасы Франциск бүгінде ең үлкен қауіп факторы әлі де кедейлік екенін атап өтті. Осы орайда понтифик Абайдың "Аштыққа ұшырағандар анық ойлап, оқуда құлшыныс таныта ала ма?" деген сөзін айтып өтті.

"Кейінгі онжылдықта бұл дін басшылары арасындағы диалогтың басты тақырыбы болды. Абай: "Зұлымдыққа кедергі келтірместен жол беретін адамды шынайы діншіл деп санауға болмайды", - дейді. Бауырлар мен әпкелер, әрқайсымыз зұлымдықтан арылуымыз керек. Қазақтың ұлы ақыны осыны талап етті", - деді Рим Папасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети