31 мамыр 2022 08:59

Рим Папасы Қазақстанды Азиядағы сенімді серіктес деп атады

Бүгін Ватиканға ресми сапармен келген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Рим Папасы Францисктің жеке қабылдауында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рим Папасы Франциск Қазақстанның конфессияаралық келісім мен дінаралық диалогқа қосқан үлесін атап өтті. 

Апостол сарайының Папа кітапханасында өткен келіссөздер барысында Понтифик Қазақстан Ватиканның Орталық Азиядағы сенімді серіктесі екенін атап өтті.

Рим-Католик шіркеуінің басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа Қазақстанды" құру және Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша алдағы жалпыұлттық референдум өткізу аясындағы саяси және экономикалық реформаларына жоғары баға берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети