19 маусым 2021 10:15

Роналду Instagram-да 300 миллион оқырманы бар алғашқы адам болды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Футболшы Криштиану Роналду Instagram-да 300 миллион оқырманы бар алғашқы адам болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Футболшы Криштиану Роналду Instagram-да 300 миллион оқырманы бар алғашқы адам болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ювентус" пен Португалия құрамасының футболшысы Криштиану Роналду актер Дуэйн Скала Джонсон мен әнші Ариана Грандені басып озды. Ал Instagram-да 218 миллион жазылушысы бар Барселона ойыншысы аргентиналық Лионель Месси рейтингте сегізінші орынға ие болды.

Сондай-ақ, алғашқы ондыққа Кайли Дженнер (241 миллион), әнші Селена Гомес (238 миллион), кәсіпкер Ким Кардашян (229 миллион), әнші Бейонсе (186 миллион), әнші Джастин Бибер (178 миллион) және модель Кендалл Дженнер (170 миллион) кірді.

Криштиану Роналду Instagram-дағы ең танымал адамдардың рейтингіне алғаш рет 2018 жылдың қазанында шыққан. 2021 жылдың қаңтарында ода жазылушылар саны 250 миллионға жетті.

Eurosport.ru мәліметінше, биыл ақпанда Роналдуда әлемде бірінші болып әлеуметтік желілерде 500 миллион жазылушы жиналды. Португалиялық спортшыда Instagram, Facebook, Twitter-де жалпы жарты миллиард жазылушы болды. 

Ал маусымда Forbes Криштиануды карьерасында 1 миллиард доллар тапқан үшінші спортшы және алғашқы футболшы деп атады. Қалған екі спортшы - баскетболшы Майкл Джордан және гольф ойыншысы Тайгер Вудс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети