09 желтоқсан 2018 12:05

Роза Рымбаева Ресейдің сыйлығын жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева ресейлік "Ұлттық айбын" сыйлығының "Құрмет және даңқ" номинациясында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева ресейлік "Ұлттық айбын" сыйлығының "Құрмет және даңқ" номинациясында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әртіс суретін Instagram парақшасында жариялады. Марапаттау рәсімі 30 қарашада Мәскеудегі мемлекеттік Кремль сарайында өтті.

"Құрметті Роза Қуанышқызы! Сыйлықтың ұйымдастыру комитетінің шешімімен сізге "Ұлттық айбын" сыйлығының "Құрмет және даңқ" номинациясының лауреаты атағы беріледі. Сіз жоғары кәсібилігіңізбен, еңбекқорлығыңызбен, өмірлік белсенді ұстанымыңызбен, өз ісіңізге берілгендігіңізбен, қарқынды дамып, үздіксіз жетілгендігіңізбен бұл сыйлыққа лайықсыз", - делінген бағдарламада.

Әншінің дипломында сыйлықтың мәдениет дамуына қосқан зор үлесі және өз ісіне берілгендігі үшін табыс етілгені жазылған.

Рымбаевадан өзге, КСРО халық әртістері Армен Джигарханян мен Эльдар Рязанов, Ресейдің еңбек сіңірген бапкері Татьяна Тарасова мен тағы да басқалар сыйлықтың лауреаты атанды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети