Сабақтан қашқан оқушылардың ата-анасы айыппұл төлейтін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сабақтан қашқан оқушылардың ата-анасы айыппұл төлейтін болды Көрнекі сурет © akt.nis.edu.kz

Сабақтан қашқан оқушылардың ата-анасы айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы "Астана" телеарнасына Өскемен қалалық ІІБ кәмелетке толмағандар ісі инспекциясының инспекторы Ернұр Рахимов айтып берді.


Оның айтуынша, бір реттік айыппұл 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде. Бұл 15 мың теңгеге жуық қаражат. Ал сабақтан қашу фактілері қайталанса, ата-аналарға 42 мың теңгеден аса ақша төлеуге тура келеді.

"Өскемен қалалық ІІБ кәмелетке толмағандар ісі инспекциясының инспекторы: 127-ші бап бойынша әкімшілік айыппұл белгіленеді. 60 сағат бойы сабақты босатса, әкімшілік айыппұл 7 АЕК. Жағдай қайталанса, екінші айыппұл 20 АЕК көлемінде болады. Қазір материал жинап жатырмыз. Көршілерінен сұраймыз. Егер негіз болса, ата-ана құқығынан айырамыз", - деді ІІБ кәмелетке толмағандар ісі инспекциясының инспекторы.

Алайда кейбір ата-аналар бұл айыппұлдардан да қорқатын емес. Амалы таусылған өскемендік ұстаздар полицейлермен бірге "Балаларды мектепке қайтарайық" атты акция ұйымдастырып, үй-үйді аралады. Сабаққа бармайтын балалардың ата-аналары негізінен ішімдікке салынғандар екен.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +37
Астана +30
Ақтау +30
Ақтөбе +29
Атырау +30
Б
Балқаш +36
Ж
Жезқазған +31
Қ
Қарағанды +28
К
Көкшетау +28
Қ
Қостанай +43
Қызылорда +31
П
Павлодар +26
Петропавл +34
С
Семей +40
Т
Талдықорған +41
Тараз +44
Түркістан +24
О
Орал +32
Ө
Өскемен +42
Ш
Шымкент +37

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер