17 шілде 2016 13:41

Сафар Шәкеевті табуға бар күшімізді салып жатырмыз - ІІД

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сафар Шәкеев © Facebook Сафар Шәкеев © Facebook

Із-түссіз жоғалған Сафар Шәкеевті 50 полицейден құралған ұтқыр топ іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. 


Із-түссіз жоғалған Сафар Шәкеевті 50 полицейден құралған ұтқыр топ іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. 

1991 жылғы Сафар Шәкеевтің із-түссіз жоғалғаны туралы хабар Медеу аудандық ішкі істер басқармасына 2016 жылдың 16 шілдесінде сағат 22.00-де түскен.

"Іздестіру өндірісінің аясында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Бұл топқа біздің бөлімшелер мен Алматы қалалық ІІД Криминалдық полиция басқармасының өкілдері кірді. Із-түссіз жоғалғанды іздеуге полицияның 15 учаскелік инспекторы жұмылды. Қазіргі уақытта азамат Шәкеевтің өмір салты зерттеліп жатыр және таныстары анықталып жатыр, соңғы уақытта байланысқа түскендер анықталу үстінде. Қазір ұтқыр топта жалпы 50 полицей жұмылған. Оның қайда екенін анықтауға бар күшті салып отырмыз", - деді іздестіру барысы жайлы Медеу аудандық ІІБ басшысы Есен Ысқақов.

Соңғы рет оны әл-Фараби даңғылындағы "Казкоммерцбанк" орталық бөлімшесінде таңғы сағат 7.00-де көргендер бар. Сафар Шәкеев қызғылт түсті футболка мен көк джинс киген.

Оны көргендер мен мәліметі барлардан мына телефондар арқылы хабарласу сұралады: 8 (747) 626-48-54, 8 (701) 787-88-87, 8 (775) 478-87-71.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети