Сағынтаев Ереванға ұшты

14 Қазан 2016, 10:49
0
Сағынтаев Ереванға ұшты - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

ҚР премьер-министрі Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Ереванға ұшты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Ереванға ұшты.

Еске салайық, осыған дейін Мемлекет басшысының салқын тиіп сырқаттанғаны хабарланып, оның баспасөз хатшысы Айдос Үкімбай осы аптаның соңына дейін Мемлекет басшысының халықаралық шараларға қатысуы жоспарланып отырған жоқ екенін айтқан болатын. "Еревандағы ҰҚШҰ отырысына Қазақстан Республикасының премьер-министрі қатысады. Президенттің жұмысы одан әрі әдеттегі кестеге сай жалғасатын болады", - деген еді Президенттің баспасөз хатшысы. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай