14 мамыр 2016 18:22

Сағынтаев жер реформасын 7 сағат бойы талқылаудың нәтижесін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысын қорытындылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысын қорытындылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менің ойымша, бүгін біз жақсы сөйлестік. Мәселені 7 сағат бойы талқылағанымызды білесіздер. Бүгін осында 75 адамның 70-і келді. 5 адам белгілі себептермен, бір адам, яғни Макс Боқаев отырысқа қатысудан бас тартты. Ол мүлде келмеймін деген жоқ. Оның қандай да бір талаптары бар, бұл оның жеке бағыты. Егер ол келгісі келсе, есігіміз ашық", - деді Сағынтаев.

Ол 7 сағат бойы 63 адамның сөз сөйлегенін айтты.

"Регламент болған жоқ, барлығы ойындағыны айты. Алғашында күмән болғаны рас. Дегенмен әңгіме барысында күмән сейілді. Меніңше, барлығы осылай ойлайды. Жақсы сөйлестік", - деді комиссия төрағасы.


"Жалын" журналының бас редакторы Мұхтар Шаханов және Мырзатай Жолдасбеков

Ол төрт бағыт бойынша жұмыс тобын құру туралы келісімге келгендерін айтты. "Келесі жолы біз жерді Қазақстан азаматтарына сату мәселесін талқылаймыз. Біз өз жұмысымызды аяқтағанға дейін әр сенбі сайын сағат 10-да осы жерде жиналамыз. Менің ойымша, біз бүгін мақсатымызға жеттік. Барлығы комиссия аясында жұмыс істеуге келісім берді", - деді Сағынтаев.


Болатхан Тайжан атындағы Қордың президенті Мұхтар Тайжан

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети